MBA Көмір өнеркәсібі

Көмір өнеркәсібі адамның шаруашылық қызметінің аса маңызды салаларының бірі болып табылады. Ресей жылына өндірілетін көмірдің көлемі бойынша әлемдегі алтыншы орынды иемденеді. Елдің энергиялық теңгеріміндегі көмірдің үлесі шамамен 20% құрайды. Бұлардың барлығы еліміздің экономикасы үшін көмір саласының ерекше маңыздылығын неіздейді.

Moscow Business School ұсынған MBA Көмір өнеркәсібі бағдарламасы көмір өнеркәсібіндегі бизнес-міндеттерді сәтті шешу үшін қажетті жалпы дайындықпен үйлестірілген шаруашылық қызметтің осы саласының маркетингі мен менеджментінің заманауи құралдарын игеруді қамтиды.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • көмір өнеркәсібі нысандарын қауіпсіз пайдалану негіздерін оқып зерттейсіз;
  • көмір өнеркәсібі нысандарын операциялық басқарудың негізгі қағидаттарын қарастырасыз;
  • көмір өнеркәсібі нысандарының қаржы қызметін жоспарлау және оларды бюджеттеу бойынша кәсіби ұсыныстарға қол жеткізесіз;
  • қаржы келешегін бағалаудың және маркетингілік стратегияны қалыптастырудың объективті әдістерін меңгересіз;
  • көмір өнеркәсібінің кәсіпорындарын техникалық қайта жарақтандыруды және жабдықтауды басқарудың негіздерін оқып зерттейсіз;
  • дипломдық жобамен жұмыс жасау барысында, қызметі көмір өнеркәсібімен тікелей байланысты компанияның бизнес-үдерістерін жетілдіре аласыз және оңтайландыра аласыз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • көмір өнеркәсібіндегі компаниялардың менеджерлеріне;
  • қызметі көмір өнеркәсібі саласымен тікелей байланысты компаниялардың иелеріне.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім;
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

Салалық MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін әрбір түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом.
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы UNESCО логотипі бар диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Құнына толық оқу курсы (2 жыл) кіреді, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.