Банк саласындағы МВА

Банк саласындағы МВА — Ресейде өз қызметін атқарып жатқан банктерде мансабын қалыптастырғысы келетін тұлғалар үшін керемет таңдау болып табылады.

Банк саласындағы МВА тыңдаушыларға қаржы саласындағы іскерлік коммуникацияларды: коммерциялық банктегі тәуекелдерді басқаруды, банк қызметін талдауды, банктің бағдарламалары мен портфельдерін басқаруды терең түсінуді үйретеді.

Банк саласындағы МВА бағдарламасының түлектері орта және жоғары буындағы қаржы менеджері, қаржы талдаушысы, бухгалтерлік есеп маманы, инвестициялық банкир, басқару жөніндегі кеңесші қызметтеріне жұмысқа орналасу барысында қосымша артықшылықтарды иемденеді.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз:

  • Банктің қаржылық жағдайын анықтайтын негізгі көрсеткіштерді бағалауды үйренесіз;
  • Банктің жобаларын, бағдарламаларын және портфельдерін басқаруды үйренесіз;
  • Банк тәуекелдерін басқару машықтарына қол жеткізесіз;
  • Банк менеджменті негіздерін оқып зерттейсіз;
  • Жеке және заңды тұлғаларды несиелендіру негіздерін үйренесіз;
  • Банк қызметінің құқықтық аспектілерімен танысасыз.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

  • Банктердің басшыларына немесе иелеріне;
  • Орта және жоғары буындағы қаржылық немесе стратегиялық менеджерлерге;
  • Экономисттерге, несие инспекторларына, банктердің несие департаменттерінің басшыларына;
  • Қаржы талдаушыларына;
  • Бухгалтерлік есеп мамандарына.

Оқудың ұзақтығы

Банк саласындағы МВА бағдарламасы бойынша оқудың ұзақтығы 2 жылды құрайды. Оқу барысында 14 базалық модуль, сондай-ақ қосымша арнаулы бөлігі оқып зерттеледі, оның шеңберінде сабақ күндізгі тәртіптемеде өткізіледі.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім;
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

Салалық MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін әрбір түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом.
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы UNESCО логотипі бар диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге

Құнына толық оқу курсы (2 жыл) кіреді, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.