МВА салалық бағдарламалары

Салалық MBA – өз бизнесі бар тұлғаларға немесе өз бизнесін қай салада ашуды қалайтынын нақты білетін тұлғаларға, сондай-ақ, нақты анықталған қызмет саласындағы өзінің басқарушылық мансабын дамытуды жоспарлаған менеджерлерге арналып жетілдірілген, тәжірибеге бағдарланған бағдарламалардың сериясы.

Moscow Business School келесі маманданулар бойынша оқу бағдарламаларын ұсынады:

Осы бағдарламалардың әрқайсысы MBA General стандарттары бойынша толыққанды оқу курсын және қосымша салалық компонентті қамтиды. Осылайша, Салалық МВА бағдарламасының түлектері кез-келген компанияны немесе оның бизнес-бірлігін басқару үшін қажетті заманауи дженералист-басқарушының барлық құзыреттерін иемденеді, сондай-ақ, белгілі бір саладағы тиімді басқарудың арнаулы білімі мен машықтарына қол жеткізеді.

Күндізгі семинарлар мен машықтанулар нысанындағы салалық арнайы курстар – студентті қызықтыратын саладағы бизнесті дамыту жөніндегі жетекші кеңесшілер тарапынан, сондай-ақ, ресейлік және шетелдік компанияларды сәтті басқарудың көпжылдық тәжірибесі бар кәсіби сарапшылар тарапынан жүргізіледі. Сабақтардың мақсаты — барлық бизнес-үдерістерді ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігімен және саладағы басқарудың үздік тәжірибелерімен жан-жақты танысу болып табылады. Студенттерге шетелдік және отандық компанияларды тиімді басқарудың практикалық тәжірибесін жеке өз бизнесіне қолдану мүмкіндігі беріледі, сондай-ақ, өзінің бизнес-жобаларын ашу және дамыту мәселелері бойынша кәсіпқойлар мен сарапшылардан кеңес алу ұсынылады.

Оқудың соңында түлек келесі түрдегі диплом жобасын қорғауы тиіс: өз ісін ашу бойынша меркетингілік, стратегиялық және бақса да компоненттерінің тәптіштелген пысықтамасы бар бизнес-жоспар немесе тәжірибелі кәсіпқой-тәлімгерлердің басшылығымен және қатысуымен қолда бар бизнесті жетілдіру жөніндегі ұсыныстар.

Оқу үдерісі сонымен қатар келесілерді қамтиды:

  • Тестілеу сынақтары және бақылау жұмыстары.
  • Жетекші тәжірибешіл-мамандардың қатысуымен бейнеконференциялар және онлайн-семинарларға қатысып, оларға нақты уақыт тәртіптемесінде өзіңізді қызықтыратын барлық сұрақтарды қоюға болады.
  • Moscow Business School білім базасына қол жеткізу, онда дәрістердің, конференциялардың және семинарлардың жазбалары, электрондық конспектілер, оқулықтар және сарапшылардың мақалалары бар.
  • Тәжірибе алмасуға және іскерлік серіктестерді іздеуге арналған ауқымды мүмкіншіліктерді ұсынатын ірі іскерлік қоғамдастыққа қатысу.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім;
  • Жұмыс өтілі 2 жылдан артық.

Дипломдар:

Салалық MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін әрбір түлек екі диплом алады:

  1. Іскерлік әкімшілеу шебері — Master of Business Administration (MBA) қосымша біліктілігінің берілгендігін куәландыратын диплом.
  2. Master of Business Administration дәрежесінің берілгендігі туралы UNESCО логотипі бар диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу Демалыс күндік топта сырттай оқу
2 күндізгі сессиямен Мәскеуде
Демалыс күндік топта сырттай оқу
1 күндізгі сессиямен Мәскеуде және
1 күндізгі сессиямен шетелде
745 000 тенге
(1 095 000 тенге)
1 095 000 тенге
1 095 000 тенге
(1 345 000 тенге)
1 345 000 тенге
1 245 000 тенге
(1 845 000 тенге)
1 845 000 тенге

Құнына толық оқу курсы (2 жыл) кіреді, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.