Global MBA

Global MBA — Американың Lincoln University университетімен (США, Калифорния) бірлесе отырып Moscow Technological Institute және Moscow Business School мамандары жетілдірген, жоғары буындағы менеджерлерге арналған халықаралық күндізгі МВА бағдарламасы.

Global MBA бағдарламасы әлемдегі жетекші бизнес-мектептердің заманауи басқару тәжірибелерін қамти отырып, халықаралық іскерлік қатынастардың машықтарын жетік меңгеруге және ірі компаниялар мен халықаралық корпорацияларды басқаруға әрі қарай белсенді түрде қатысуға мүмкіндік береді.

Бұл бағдарлама жаһандық нарықтарды басқарудың заманауи беталыстарын көрсетеді және тыңдаушыларды басқару мен халықаралық қатынастар бойынша аса маңызды салалардағы тәжірибеге бағытталған біліммен қамтамасыз етеді.

Бағдарлама ACICS және CHEA тарапынан аккредиттелген. Lincoln University оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамында IIE, BALIS, AACRAO, NAFSA және AAHE аккредиттеу бар.

Дәл осы оқу бағдарламасын таңдау кімге ұсынылады?

MBA Global курсы — халықаралық нарықтарда жұмыс істейтін немесе жұмыс істеуге талпынатын жоғары және орта буындағы менеджерлерге, кәсіпкерлерге және компаниялардың иелеріне арналған.

Оқудың нәтижесінде Сіз келесіге қол жеткізесіз

Global MBA курсында оқу — түлектерге өздерінің іскерлік байланыстарының ауқымын едәуір кеңейтуге және келешекте халықаралық компанияларда басшы қызметін немесе бизнестегі жетекші позицияны иемденуге мүмкіндік береді.

Global MBA бағдарламасы бойынша оқудың артықшылықтары:

  • Дәрістер мен семинарларды Lincoln University оқу орнының білікті оқытушылары жүргізеді;
  • Оқу — Moscow Business School оқу орнының Мәскеудегі кампусына жүргізіледі;
  • Сабақ кешкі уақытта және демалыс күндері өткізіледі;
  • Тыңдаушылар жұмыс пен оқуды бірге алып жүру мүмкіндігін иемденеді.

Оқудың ұзақтығы

Оқудың ұзақтығы 3 семестрді құрайды (шамамен 1,5 жыл). Сабақ Moscow Business School оқу орнының Мәскеудегі кампусында кешкі уақытта және демалыс күндері өткізіледі. Барлық сабақтар ағылшын тілінде өтеді.

Оқу үдерісінің ерекшеліктері:

  • Американдық оқытушылардың басшылығымен күндізгі сессиялардан өту

    Executive жүйесі — күндізгі сабақтарды өткізу уақытын қысқа мерзімдік блоктарға тұтастыруға мүмкіндік бере отырып, МВА оқуының модульдік жүйесін оңтайландырады. Осылайша, егер топ күн сайын оқитын болса, пән бойынша күндізгі сабақтар 14-16 күн бойы қарқынды тәртіптемеде жүргізіледі: жай күндерде 19:00-ден 21:30-ға дейін, демалыс күндері 10:00-ден 17:30-ға дейін, үзілістердің ескерілуімен.

  • Американдық оқытушылардың басшылығымен жобалық жұмыстарды орындау

    Күндізгі сессияның соңында оқытушы әрбір студентке жеке жобалық жұмыстың тақырыбын тағайындайды, ол жұмыс қашықтағы тәлімгер-оқытушының басшылығымен 4-6 аптаның ішінде орындалуы тиіс.

    Өту балын алу: студент күндізгі сессия мен жобалық жұмыстың нәтижелері бойынша пәннің бірыңғай бағасын алады да, келесі күндізгі сессияға өтеді.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:

  • Аяқталған жоғары білім (бакалавриат, маман немесе магистратура), орташа академиялық балы — 4.0. шәкілі бойынша 2.7 балдан төмен болмауы тиіс;
  • Ағылшын тіліндегі эссе;
  • GMAT*;
  • Ағылшын тілін білетіндігі туралы сертификат**.

* — оқуға түскен кезде GMAT тапсыру талап етілмейді, алайда, студенттерге оқудың бірінші жылы оны тапсыруға ерекше кеңес беріледі.
** — оқуға түскен кезде ағылшын тілін білетіндігі туралы сертификат талап етілмейді, алайда, курс аяқталғанға дейін студент оны меңгеруі тиіс (өйткені, бұл сертификат түлектің жеке ісіне қоса тіркеледі).

Дипломдар:

Global MBA бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін әрбір түлек екі диплом алады:

  1. Американың Lincoln University (California, USA) университетінің Master of Business Administration дипломы;
  2. Бизнес-әкімшілеу бакалавры (Bachelor of Business Administration) дәрежесінің берілгендігі туралы халықаралық диплом ағылшын тілінде, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Күндізгі оқу
2 950 000 тенге

Құнына толық оқу курсы (2 жыл) кіреді, қосымша төлемдер жоқ;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.