Master of Business Administration

MBA (Master of Business Administration) – бизнесті басқару саласындағы жоғарғы дәреже. Тиісті даярлықтан өткен мамандарға беріледі. Іскерлік әлемде жоғары бағаланады және табысты басқарушылық мансап жолындағы маңызды қадам болып табылады.

Moscow Technological Institute оқу орнында МВА бағдарламалары бойынша оқу – тыңдаушылардың таңдап алынған мамандық бойынша тиімді жұмыс істеу үшін қажетті теориялық және тәжірибелік білім алуын қамтамасыз етеді. Даярлау курсы экономика, қаржы есептемесі, құқық, адам ресурстарын басқару, маркетинг, өндірісті басқару және т.б. секілді пәндер бойынша курстарды қамтиды.

Тыңдаушылар бизнестің барлық қырлары туралы, бизнес-стратегиялар мен тұжырымдамалар туралы өзекті ақпаратқа қол жеткізеді, көшбасшылық қабілеттерді дамытуға, теориялық және практикалық білім мен машықтарды қалыптастыруға және күн сайынғы бизнес-үдерістерді жүзеге асыру барысында оларды пысықтауға мүмкіндік беретін тәжірибелік машықтанудан өтеді, ұзақ жылдар бойы сақталатын қызықты және пайдалы танысуларға қол жеткізеді.

MTI оқу орнында ұсынылған барлық МВА бағдарламаларында Ресей Бизнес-Білім Қауымдастығының (РББҚ) аккредиттеуі бар. Оқу аяқталғаннан кейін, тиісті біліктілікті растайтын дипломдар беріледі.

Оқу түрін таңдаңыз:

Өзіңіз қалаған бағытты таңдаңыз да, оқу бағдарламасымен жақсылап танысыңыз:

MBA General

Салалық бағдарламалар