Жалпы және стратегиялық менеджмент

Заманауи компаниялардың кәсіпорындарының, департаменттерінің және бөлімдерінің жетекшілері жаңа және күрделі мәселелерге ұдайы тап болады, ал оларды тиімді шешу – осындай жетекшілерге сеніп тапсырылған бөлімшелердің қызметінің табысты болуына жағдай жасайды.

Өз функцияларын сәтті орындау үшін, жетекшілер кәсіби қабілеттері мен машықтарын ұдайы дамыта отырып, зияттық потенциалының ауқымын кеңейтуі тиіс. Магистрлік оқу бағдарламасы бұл үшін қажетті барлық мүмкіншіліктерді ұсынады.

Бұл профильдің студенттері келесі пәндерді оқиды:

  • менеджменттің заманауи мәселелері, шет тілі, ғылыми зерттеулердің әдістемесі және философиясы, басқару жүйелерін зерттеу, институционалды және басқарушылық экономика;
  • менеджменттегі зерттеу әдістері, заманауи корпоративтік талдау, корпоративтік қаржы, ұйымдастыру теориясы және ұйымдық мінез-құлық.

Таңдау бойынша келесі негізгі пәндерді оқу қол жетімді болады: басқарудағы математикалық үлгілер, бизнес-үдерістерді басқарудың ақпараттық технологиялары.

Профильдің арнайы пәндерінің құрамына келесілер кіреді:

  • стратегиялық маркетинг, қызметкерлерді басқару стратегиясы, ұйымдық өзгерістерді басқару;
  • тәуекелдерді басқару, жобаларды басқару, инновациялық менеджмент.

Таңдау бойынша оқылатын пәндердің арасынан келесілер оқылады: кәсіпкерлік негіздері, логистика, дағдарысқа қарсы басқару.

Оқудың нәтижесінде түлек келесі қабілеттерді иемденеді:

  • кәсіпорынның дамуының стратегиялық жоспарларын, бағдарламаларын және жобаларын жетілдіреді және жүзеге асырады;
  • оперативтік бизнес-үдерістердің және ұйымдық құрылымның тиімділігін және дамуын ұдайы арттыруды қамтамасыз етеді;
  • компанияларды стратегиялық және оперативтік басқарудың кешенді мәселелерін шешеді.

Жұмысқа орналасу:

Оқуды тәмамдағаннан кейін, осы бағдарламаның түлектері әр-түрлі саладағы ірі, орташа және шағын компаниялар мен кәсіпорындарда келесі қызметтерде табысты жұмыс істейді:

  • директор, бөлімдер мен департаменттердің басшысы, жобалар мен бағдарламалардың жетекшісі, бас маман.

Оқудың ұзақтығы:
2 жылдан 2,5 жылға дейін.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:
Тиісті бағыттағы, бакалавр дәрежесінің берілгендігі туралы диплом, немесе маман біліктілігінің берілгендігі туралы диплом.

Дипломдар:
«Жалпы және стратегиялық менеджмент» бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін Сіз РФ-ның мемлекеттік үлгідегі магистр дипломын, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымшаны (Diploma Supplement) аласыз.

Оқудың түрлері және құны:

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
364 500 тенге
(500 000 тенге)*
500 000 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project].

1 жылдық оқудың құны көрсетілген;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.