Маркетингті басқару

Заманауи жағдайлардағы маркетинг кез-келген кәсіпорындағы міндетті функция болып табылады. Компанияның сәтті және тұрақты дамуын анықтайтын маркетингілік міндеттерді тиімді шешу үшін, маркетинг жөніндегі жетекшілер мен мамандарға кәсіби ептіліктер мен машықтарды тұрақты түрде озық меңгеруге қол жеткізу керек.

Магистрлік бағдарлама білімді жаңартуға және кеңейтуге, кәсіби деңгейді арттыруға, қосымша талдаушылық және зерттеушілік құзыреттерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бұл профильдің студенттері келесі пәндерді оқиды:

  • менеджменттің заманауи мәселелері, шет тілі, ғылыми зерттеулердің әдістемесі және философиясы, басқару жүйелерін зерттеу, институционалды және басқарушылық экономика;
  • менеджменттегі зерттеу әдістері, заманауи корпоративтік талдау, корпоративтік қаржы, ұйымдастыру теориясы және ұйымдық мінез-құлық.

Таңдау бойынша келесі негізгі пәндерді оқу қол жетімді болады: басқарудағы математикалық үлгілер, бизнес-үдерістерді басқарудың ақпараттық технологиялары.

Профильдің арнайы пәндерінің құрамына келесілер кіреді:

  • стратегиялық маркетинг, жарнама негіздері, тұтынушылардың мінез-құлқы;
  • жобаларды басқару, инновациялық менеджмент.

Таңдау бойынша оқылатын пәндердің арасынан келесілер оқылады: интернет-маркетинг, баға белгілеу, маркетингтегі ақпараттық технологиялар.

Оқудың нәтижесінде түлек келесі қабілеттерді иемденеді:

  • нарықты талдау және нарықтық келешекті бағалау бойынша, кешенді маркетингілік зерттеулерді жүзеге асыру бойынша қызметті ұйымдасырады және үйлестіреді;
  • компанияның маркетингілік стратегиясын жетілдіреді және жүзеге асырады;
  • сатып алушылардың жылы шырайлылығын арттыру жобалары мен бағдарламаларын, жарнама және PR-кампанияларды басқарады;
  • заманауи кәсіпорынның маркетингілік қызметін тиімді басқарады.

Жұмысқа орналасу:

Оқуды тәмамдағаннан кейін, осы бағдарламаның түлектері әр-түрлі салалардағы ірі, орташа және шағын компаниялар мен кәсіпорындарда маркетинг және жарнама бөлімдері мен департаменттерінде; жарнама және маркетинг агенттіктерінде келесі қызметтерде табысты жұмыс істейді:

  • компаниялардың директоры, маркетинг жөніндегі директор, бөлімдер мен департаменттердің басшысы, жобалар мен бағдарламалардың жетекшісі, бас маман.

Оқудың ұзақтығы:
2 жылдан 2,5 жылға дейін.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:
Тиісті бағыттағы, бакалавр дәрежесінің берілгендігі туралы диплом, немесе маман біліктілігінің берілгендігі туралы диплом.

Дипломдар:
«Маркетингті басқару» бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін Сіз РФ-ның мемлекеттік үлгідегі магистр дипломын, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымшаны (Diploma Supplement) аласыз.

Оқудың түрлері және құны:

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
364 500 тенге
(500 000 тенге)*
500 000 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project].

1 жылдық оқудың құны көрсетілген;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.