Логистика

Кез-келген дерлік заманауи кәсіпорынның қызметі материалдық және ақпараттық нысандарды сатып алу, жеткізу, ішкі және сыртқы тасымалдау, бөліп үлестіру үдерістерінің тиімді жүзеге асырылуына негізделеді.

Ол үшін логистикалық қызметті басқарудың күрделі және ұдайы дамып отыратын жүйелері пайдаланылады. Магистрлік бағдарлама шеңберіндегі білімді тереңдету – жетекшілерге өз кәсіпорындары үшін бәсекелік артықшылықтарды қамтамасыз ететін озық машықтар мен икемділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бұл профильдің студенттері келесі пәндерді оқиды:

  • менеджменттің заманауи мәселелері, шет тілі, ғылыми зерттеулердің әдістемесі және философиясы, басқару жүйелерін зерттеу, институционалды және басқарушылық экономика;
  • менеджменттегі зерттеу әдістері, заманауи корпоративтік талдау, корпоративтік қаржы, ұйымдастыру теориясы және ұйымдық мінез-құлық.

Таңдау бойынша келесі негізгі пәндерді оқу қол жетімді болады: басқарудағы математикалық үлгілер, бизнес-үдерістерді басқарудың ақпараттық технологиялары.

Профильдің арнайы пәндерінің құрамына келесілер кіреді:

  • жалпы логистика, қойма логистикасы, сатып алу логистикасы, көлік логистикасы;
  • инновациялық менеджмент, сапаны басқару.

Таңдау бойынша оқылатын пәндердің арасынан келесілер оқылады: үнемшіл өндіріс, жобаларды басқару, логистикадағы ақпараттық жүйелер.

Оқудың нәтижесінде түлек келесі қабілеттерді иемденеді:

  • материалдық нысандарды сатып алу, жеткізу, тасымалдау үдерістерін оперативтік және стратегиялық басқаруды жүзеге асырады;
  • логистикалық үдерістер мен жүйелерді басқарудың кешенді мәселелерін шешеді;
  • логистикалық операцияларды тиімді құжаттамалық сүйемелдеу үдерістерін ұйымдастырады;
  • компанияның логистикалық кешендерін, көлік және қойма инфрақұрылымын басқарады.

Жұмысқа орналасу:

Оқуды тәмамдағаннан кейін, осы бағдарламаның түлектері – дамыған сатып алу және өткізу үдерістері бар ірі, орташа және шағын компаниялар мен кәсіпорындарда, логистика, көлік немесе өткізу бөлімдерінде; кәсіби логистикалық компанияларда (операторларда) келесі қызметтерде табысты жұмыс істейді:

  • директор, бөлімдер мен департаменттердің басшысы, аға маман.

Оқудың ұзақтығы:
2 жылдан 2,5 жылға дейін.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:
Тиісті бағыттағы, бакалавр дәрежесінің берілгендігі туралы диплом, немесе маман біліктілігінің берілгендігі туралы диплом.

Дипломдар:
«Логистика» бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін Сіз РФ-ның мемлекеттік үлгідегі магистр дипломын, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымшаны (Diploma Supplement) аласыз.

Оқудың түрлері және құны:

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
364 500 тенге
(500 000 тенге)*
500 000 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project].

1 жылдық оқудың құны көрсетілген;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.