Адам ресурстарын басқару

Адам капиталы қазіргі заманғы білім экономикасында аса маңызды бизнес-активке айналып отыр. Адам ресурстарын тиімді басқару үшін кәсіби білім бойынша ой-өріс ауқымын ұдайы кеңейте отырып, кәсіби ептілік пен машықтардың деңгейін арттыру керек.

Магистрлік бағдарлама адам ресурстарын басқару жөніндегі басшылар мен мамандарға өздерінің кәсіби және мансаптық мүмкіншіліктерін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл профильдің студенттері келесі пәндерді оқиды:

  • менеджменттің заманауи мәселелері, шет тілі, ғылыми зерттеулердің әдістемесі және философиясы, басқару жүйелерін зерттеу, институционалды және басқарушылық экономика;
  • менеджменттегі зерттеу әдістері, заманауи корпоративтік талдау, корпоративтік қаржы, ұйымдастыру теориясы және ұйымдық мінез-құлық.

Таңдау бойынша келесі негізгі пәндерді оқу қол жетімді болады: басқарудағы математикалық үлгілер, бизнес-үдерістерді басқарудың ақпараттық технологиялары.

Профильдің арнайы пәндерінің құрамына келесілер кіреді:

  • қызметкерлерді стратегиялық басқару, қызметкерлерді дамыту және оқыту, еңбек құқығы;
  • жобаларды басқару, инновациялық менеджмент, еңбекті ұйымдастыру, нормалау және еңбекақы төлеу.

Таңдау бойынша оқылатын пәндердің арасынан келесілер оқылады: басқару социологиясы және психологиясы, қызметкерлерді басқарудың ақпараттық технологиялары, жанжалтану.

Оқудың нәтижесінде түлек келесі қабілеттерді иемденеді:

  • адам ресурстарын басқару жөніндегі бөлімдер мен департаменттердің қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді;
  • компанияның кадр саясатын жетілдіреді және жүзеге асырады;
  • кадрларды аттестациялау, оқыту, команда құру, ұйымдық даму жобаларын жоспарлайды және жүзеге асырады;
  • уәждеме жүйелерін жетілдіреді және енгізеді, қызметкерлердің жылы шырайлылығын арттырады;
  • компанияның адам капиталын стратегиялық дамытуды жүзеге асырады.

Жұмысқа орналасу:

Оқуды тәмамдағаннан кейін, осы бағдарламаның түлектері әр-түрлі салалардағы ірі, орташа және шағын компаниялар мен кәсіпорындарда кадр бөлімдері мен адам ресурстарын басқару департаменттерінде; кадр агенттіктерінде, консалтингілік және оқыту компанияларында келесі қызметтерде табысты жұмыс істейді:

  • компаниялардың директоры, қызметкерлер жөніндегі директор, бөлімдер мен департаменттердің басшысы, жобалар мен бағдарламалардың жетекшісі, бас маман.

Оқудың ұзақтығы:
2 жылдан 2,5 жылға дейін.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:
Тиісті бағыттағы, бакалавр дәрежесінің берілгендігі туралы диплом, немесе маман біліктілігінің берілгендігі туралы диплом.

Дипломдар:
«Адам ресурстарын басқару» бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін Сіз РФ-ның мемлекеттік үлгідегі магистр дипломын, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымшаны (Diploma Supplement) аласыз.

Оқудың түрлері және құны:

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
364 500 тенге
(500 000 тенге)*
500 000 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project].

1 жылдық оқудың құны көрсетілген;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.