Веб-қосымшаларды жетілдіру технологиялары

HeadHunter веб-порталының зерттеулеріне сәйкес, программалаушылар еңбек нарығындағы аса жоғары сұранысқа ие мамандардың қатарына жатады. Интернетте және әлеуметтік желілерде жұмыс жасауға арналған қосымшаларды жетілдіретін және қолдап отыратын кәсіпқойларға деген сұраныс – дағдарыс уақытында да төмендемейді, ал бүгінгі таңда мұндай сұраныс – ұсыныстан едәуір жоғары болып отыр.

Бұл профильдің студенттері келесі пәндерді оқиды:

  • оңтайландыру әдістері;
  • жасанды нейрондық желілер;
  • кейіптерді танып білу әдістері;
  • жоғары өнімді есептеулер және бұлтты сервистер;
  • есептеу жүйелері;
  • информатика мен есептеу техникасының заманауи мәселелері;
  • АТ-жобаларын басқару.

Оқу барысында студенттер ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарының әдіснамасын меңгереді, оқу және өндіріс тәжірибесінен өтеді. Қорытындылау кезеңінде магистр академиялық дәрежесіне талаптанушылар ғылыми зерттеуді орындайды және диссертацияны қорғайды.

Профильдің арнайы пәндерінің құрамына келесілер кіреді:

  • криптография негіздері;
  • белгілеу тілдері;
  • интернет-қосымшаларды жобалау және жетілдіру;
  • клиенттік оңтайладырудың алгоритмдері мен есептері;
  • программалық қамтамасыз етуді сынақтан өткізу және сапасын қамтамасыз ету;
  • жүйелік программалық қамтамасыз етуді жобалау және жетілдіру;
  • мобильді қосымшаларды жобалау және жетілдіру;
  • бизнес-үдерістер мен жүйелерді жобалау;
  • ақпараттық-талдау және іздеу жүйелері.

Оқудың нәтижесінде түлек келесі қабілеттерді иемденеді:

  • программалық қамтамасыз етуді, деректер базасын және программалық-аппараттық құралдардың кешендерін жетілдіру жөніндегі жобаларды жүзеге асыру әдістемесін меңгереді;
  • есептеу техникасы саласындағы заманауи технологиялардың жиынтығын оқып зерттейді;
  • ғылыми-техникалық мәселелерді талдау, ғылыми-техникалық ақпаратты және патенттік көздерді жүйелеу және жалпылау; ғылыми зерттеулердің мақсаттары мен міндеттерін қою әдістемесін қолданады;
  • есептеу техникасы құралдарының көмегімен зерттеу және тиімді программалық-аппараттық іске асыру мақсатында құбылыстардың, үдерістердің және жүйелердің математикалық үлгілерін іріктеу және түрлендіру әдістерін пайдаланады;
  • адам қызметінің гуманитарлық салаларында және технологиялық, экономикалық, әлеуметтік жүйелерді басқаруда, жобалау-құрастырушылық қызметте, ғылыми зерттеулерде шешім қабылдауды қолдау жүйелері мен компьютерлік технологияларын, әдістерін, математикалық үлгілерін, алгоритмдерін жетілдіру машықтарын меңгереді.

Жұмысқа орналасу:

Ақпараттық есептеу технологиялары бағыты бойынша магистр ғылыми-зерттеушілік, жобалау-құрастырушылық, өндірістік-технологиялық, пайдаланушылық, ұйымдық-басқарушылық, педагогикалық қызметті атқара алады.

Оқуды тәмамдағаннан кейін магистрлер:

  • АТ-бөлімдерінде басшылық қызметтерде орын алмастырады;
  • веб-жетілдіруші, программалаушы, ақпараттық технологиялар жөніндегі сарапшы ретінде жұмысқа орналасады;
  • инженер, ғылыми қызметкер, зертханалар мен ғылыми-зерттеу орталықтарының басшысы ретінде жұмыс істейді;
  • информатика және заманауи техника саласындағы жаңа технологияларды жетілдіруші, кәсіби зерттеуші-ғалым мансабын таңдай отырып, оқуын аспирантурада жалғастырады.

Оқудың ұзақтығы:
2 жылдан 2,5 жылға дейін.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:
Тиісті бағыттағы, бакалавр дәрежесінің берілгендігі туралы диплом, немесе маман біліктілігінің берілгендігі туралы диплом.

Дипломдар:
«Веб-қосымшаларды жетілдіру технологиялары» бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін Сіз РФ-ның мемлекеттік үлгідегі магистр дипломын, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымшаны (Diploma Supplement) аласыз.

Оқудың түрлері және құны:

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
414 500 тенге
(550 000 тенге)*
550 000 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project].

1 жылдық оқудың құны көрсетілген;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.