Жүйелік программалық қамтамасыз етуді жетілдіру технологиялары

Прораммалық қамтамасыз етуді жетілдірушілер еңбек нарығындағы аса қажет етілетін және жалақысы жоғары мамандардың бірі болып табылады. Оқу барысында студенттер жүйелік программалық қамтамасыз етуді жобалаудың және жетілдірудің күрделі мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін кәсіби білім мен машықтарға қол жеткізеді.

Бұл профильдің студенттері келесі пәндерді оқиды:

  • оңтайландыру әдістері;
  • жасанды нейрондық желілер;
  • кейіптерді танып білу әдістері;
  • жоғары өнімді есептеулер және бұлтты сервистер;
  • есептеу жүйелері;
  • информатика мен есептеу техникасының заманауи мәселелері;
  • АТ-жобаларын басқару.

Оқу барысында студенттер ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарының әдіснамасын меңгереді, оқу және өндіріс тәжірибесінен өтеді. Қорытындылау кезеңінде магистр академиялық дәрежесіне талаптанушылар ғылыми зерттеуді орындайды және диссертацияны қорғайды.

Профильдің арнайы пәндерінің құрамына келесілер кіреді:

  • жүйелік программалық қамтамасыз етуді жобалау және жетілдіру;
  • параллельдік программалау;
  • авторлық құқықтарды қорғаудың техникалық құралдары;
  • программалық қамтамасыз етуді сынақтан өткізу және сапасын қамтамасыз ету;
  • мобильді қосымшаларды жобалау және жетілдіру;
  • интернет-қосымшаларды жобалау және жетілдіру;
  • ақпараттық жүйелерді вирусқа қарсы қорғау;
  • бизнес-үдерістер мен жүйелерді жобалау.

Оқудың нәтижесінде түлек келесі қабілеттерді иемденеді:

  • программалық қамтамасыз етуді, деректер базасын және программалық-аппараттық құралдардың кешендерін жетілдіру жөніндегі жобаларды жүзеге асыру әдістемесін оқып зерттейді;
  • есептеу техникасы саласындағы заманауи технологиялар жиынтығын меңгереді;
  • ғылыми-техникалық мәселелерді талдау, ғылыми-техникалық ақпаратты және патенттік көздерді жүйелеу және жалпылау; ғылыми зерттеулердің мақсаттары мен міндеттерін қою әдістемесін қолданады;
  • есептеу техникасы құралдарының көмегімен зерттеу және тиімді программалық-аппараттық іске асыру мақсатында құбылыстардың, үдерістердің және жүйелердің математикалық үлгілерін іріктеу және түрлендіру әдістерін пайдаланады;
  • адам қызметінің гуманитарлық салаларында және технологиялық, экономикалық, әлеуметтік жүйелерді басқаруда, жобалау-құрастырушылық қызметте, ғылыми зерттеулерде шешім қабылдауды қолдау жүйелері мен компьютерлік технологияларын, әдістерін, математикалық үлгілерін, алгоритмдерін жетілдіру машықтарын меңгереді.

Жұмысқа орналасу:

Ақпараттық есептеу технологиялары бағыты бойынша магистр ғылыми-зерттеушілік, жобалау-құрастырушылық, өндірістік-технологиялық, пайдаланушылық, ұйымдық-басқарушылық, педагогикалық қызметті атқара алады.

Оқуды тәмамдағаннан кейін магистрлер:

  • АТ-бөлімдерінде басшылық қызметтерде орын алмастырады;
  • веб-жетілдіруші, программалаушы, ақпараттық технологиялар жөніндегі сарапшы ретінде жұмысқа орналасады;
  • инженер, ғылыми қызметкер, зертханалар мен ғылыми-зерттеу орталықтарының басшысы ретінде жұмыс істейді;
  • информатика және заманауи техника саласындағы жаңа технологияларды жетілдіруші, кәсіби зерттеуші-ғалым мансабын таңдай отырып, оқуын аспирантурада жалғастырады.

Оқудың ұзақтығы:
2 жылдан 2,5 жылға дейін.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:
Тиісті бағыттағы, бакалавр дәрежесінің берілгендігі туралы диплом, немесе маман біліктілігінің берілгендігі туралы диплом.

Дипломдар:
«Жүйелік программалық қамтамасыз етуді жетілдіру технологиялары» бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін Сіз РФ-ның мемлекеттік үлгідегі магистр дипломын, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымшаны (Diploma Supplement) аласыз.

Оқудың түрлері және құны:

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
414 500 тенге
(550 000 тенге)*
550 000 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project].

1 жылдық оқудың құны көрсетілген;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.