Мобильді қосымшаларды жетілдіру технологиялары

Әлемдік және ресейлік рекрутинг агенттіктерінің 2012 жылғы есептеріне сәйкес, еңбек нарығында мобильді операциялық жүйелерге арналған программалаушыларға деген сұраныстың тұрақты түрде ұлғаю үрдісі бақылануда. Жалпы өткен жыл бойынша, мобильді платформалардағы жетілдірушілерге деген сұраныс 36%-ға өскен. Бұл ретте, олардың арасында iOS және Android кеңінен қолданылады. Мамандардың сұранысқа ие болуы – тиісті еңбекақы деңгейінің кепілдігі болып табылады.

Бұл профильдің студенттері келесі пәндерді оқиды:

  • оңтайландыру әдістері;
  • жасанды нейрондық желілер;
  • кейіптерді танып білу әдістері;
  • жоғары өнімді есептеулер және бұлтты сервистер;
  • есептеу жүйелері;
  • информатика мен есептеу техникасының заманауи мәселелері;
  • АТ-жобаларын басқару.

Оқу барысында студенттер ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарының әдіснамасын меңгереді, оқу және өндіріс тәжірибесінен өтеді. Қорытындылау кезеңінде магистр академиялық дәрежесіне талаптанушылар ғылыми зерттеуді орындайды және диссертацияны қорғайды.

Профильдің арнайы пәндерінің құрамына келесілер кіреді:

  • заманауи мобильді платформалар;
  • мобильді қосымшаларды жобалау және жетілдіру;
  • авторлық құқықтарды қорғаудың техникалық құралдары;
  • программалық қамтамасыз етуді сынақтан өткізу және сапасын қамтамасыз ету;
  • сараптамалық жүйелер мен деректер базасын жетілдіру;
  • клиенттік оңтайладырудың алгоритмдері мен есептері.

Оқудың нәтижесінде түлек келесі қабілеттерді иемденеді:

  • программалық қамтамасыз етуді, деректер базасын және программалық-аппараттық құралдардың кешендерін жетілдіру жөніндегі жобаларды жүзеге асыру әдістемесін меңгереді;
  • ақпараттық жүйелерді үлгілеуді, ақпараттық жүйелерді біріктіру жөніндегі жобаларды заманауи сапа стандарттарына сәйкес жетілдіруді және іске асыруды оқып зерттейді;
  • ғылыми-техникалық мәселелерді талдау, ғылыми-техникалық ақпаратты және патенттік көздерді жүйелеу және жалпылау; ғылыми зерттеулердің мақсаттары мен міндеттерін қою әдістемесін меңгереді;
  • есептеу техникасы құралдарының көмегімен зерттеу және тиімді программалық-аппараттық іске асыру мақсатында құбылыстардың, үдерістердің және жүйелердің математикалық үлгілерін іріктеу және түрлендіру әдістерін оқып зерттейді;
  • адам қызметінің гуманитарлық салаларында және технологиялық, экономикалық, әлеуметтік жүйелерді басқаруда, жобалау-құрастырушылық қызметте, ғылыми зерттеулерде шешім қабылдауды қолдау жүйелері мен компьютерлік технологияларын, әдістерін, математикалық үлгілерін, алгоритмдерін жетілдіру машықтарын меңгереді.

Жұмысқа орналасу:

Бұл бағдарламаның магистрлері келесі қызметтерде табысты жұмыс істейді: мобильді қосымшаларды жетілдіруші, бизнес-талдаушы, интернет-технологияларды жетілдіруші, ақпараттық технологиялар жөніндегі сарапшы.

Кәсіби зерттеуші-ғалым мансабын таңдай отырып, түлектер оқуын аспирантурада жалғастырады, информатика және заманауи техника саласындағы жаңа технологияларды жетілдіреді.

Оқудың ұзақтығы:
2 жылдан 2,5 жылға дейін.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:
Тиісті бағыттағы, бакалавр дәрежесінің берілгендігі туралы диплом, немесе маман біліктілігінің берілгендігі туралы диплом.

Дипломдар:
«Мобильді қосымшаларды жетілдіру технологиялары» бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін Сіз РФ-ның мемлекеттік үлгідегі магистр дипломын, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымшаны (Diploma Supplement) аласыз.

Оқудың түрлері және құны:

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
414 500 тенге
(550 000 тенге)*
550 000 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project].

1 жылдық оқудың құны көрсетілген;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.