Ақпараттық-технологиялық консалтинг

Ұйымды басқарудың заманауи және тиімді жүйесін құрудың негізі – аппараттық-программалық АТ-инфрақұрылымы болып табылады. Ақпараттық-технологиялық консалтинг кәсіпорынның ақпараттық ресурстарына пайдаланушылардың қол жекізуінің барынша оңтайлы жүйесін құруға және АТ-ресурстарын пайдаланудың тиімділігін барынша арттыруға бағытталған.

Бұл профильдің студенттері келесі пәндерді оқиды:

  • оңтайландыру әдістері;
  • АТ-жобаларын басқару;
  • АТ-инфрақұрылымының даму стратегиясын қалыптастыру және бизнес-талдау әдістемелері;
  • техникалық айрықшаламаны жобалау және әзірлеу.

Оқу барысында студенттер ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарының әдіснамасын меңгереді, оқу және өндіріс тәжірибесінен өтеді. Қорытындылау кезеңінде магистр академиялық дәрежесіне талаптанушылар ғылыми зерттеуді орындайды және диссертацияны қорғайды.

Профильдің арнайы пәндерінің құрамына келесілер кіреді:

  • сарапшылық жүйелерді және білім базаларын жетілдіру;
  • жүйелік интеграция технологиялары;
  • бизнес-үдерістер мен жүйелерді жобалау;
  • АТ-консалтинг әдістенамалары;
  • ұйымның АТ-инфрақұрылымын басқару;
  • ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелерді жобалау;
  • кәсіпорынды басқаруды автоматтандыру жүйелері;
  • ақпараттық-талдау және іздеу жүйелері;
  • ақпараттық қауіпсіздік саласындағы менеджмент.

Оқудың нәтижесінде түлек келесі қабілеттерді иемденеді:

  • бизнес-үдерістерді автоматтандырудың, бизнес-үдерістер инжинирингі мен реинжинирингінің, жобаларды басқарудың заманауи әдістемелері мен құралдарын пайдалана алады;
  • жүйелік-талдамалы зерттеуді жүргізеді, тапсырыс берушінің басқару жүйелері мен бизнес-үдерістерінің, ұйымдық құрылымының үлгілерін жетілдіреді;
  • бизнесті басқару, қаржыны және қызметкерлерді басқару салаларында кеңес береді;
  • жобалау құжаттамасын және ішкі есептілік құжаттарын жетілдіреді;
  • АТ-инфрақұрылымның жекелеген элементтерін бағалаудың белгілі критериі бойынша аудит жүргізеді, сондай-ақ, тексерілетін компанияға қызмет көрсету және оларды сүйемелдеу үдерістерінің, программалық, аппараттық құралдарының бүкіл жиынтығына аудит жүргізеді.

Жұмысқа орналасу:

Ақпараттық есептеу технологиялары бағыты бойынша магистр ғылыми-зерттеушілік, жобалау-құрастырушылық, өндірістік-технологиялық, пайдаланушылық, ұйымдық-басқарушылық, педагогикалық қызметті атқара алады.

Түлектер келесі қызметтерде табысты жұмыс істейді: АТ-инфрақұрылымының аудиторы, корпоративтік ақпараттық жүйелерді енгізу жөніндегі сарапшы, талдаушы, енгізу жөніндегі жобалар жетекшісі, бизнес-сәулетші.

Оқудың ұзақтығы:
2 жылдан 2,5 жылға дейін.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:
Тиісті бағыттағы, бакалавр дәрежесінің берілгендігі туралы диплом, немесе маман біліктілігінің берілгендігі туралы диплом.

Дипломдар:
«Ақпараттық-технологиялық консалтинг» бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін Сіз РФ-ның мемлекеттік үлгідегі магистр дипломын, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымшаны (Diploma Supplement) аласыз.

Оқудың түрлері және құны:

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
414 500 тенге
(550 000 тенге)*
550 000 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project].

1 жылдық оқудың құны көрсетілген;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.