Жасанды интеллект және компьютерлік лингвистика

Жасанды интеллект дегеніміз — зиятты машиналар мен компьютерлік програмаларды құру ғылымы және технологиясы. Жалпы алғанда, компьютерлік ғылымдардағы жасанды зият мәселелерін зерттеу – зиятты ақпараттық жүйелерді құруға, дамытуға және пайдалануға бағытталған.

Бұл жетілдірулер көптеген заманауи өнеркәсіптік программалық-ақпараттық жүйелердің негізінде қалыптасқан. Қоғамды жалпы ақпараттандыру үрдісі – компьютерлік лингвистика, роботты теника, автоматтандырылған сараптамалық жүйелер және білім базалары салаларындағы мамандарға деген сұраныстың ұдайы артуына себепші болады.

Бұл профильдің студенттері келесі пәндерді оқиды:

  • оңтайландыру әдістері;
  • жасанды нейрондық желілер;
  • кейіптерді танып білу әдістері;
  • жоғары өнімді есептеулер және бұлтты сервистер;
  • есептеу жүйелері;
  • информатика мен есептеу техникасының заманауи мәселелері;
  • АТ-жобаларын басқару.

Оқу барысында студенттер ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарының әдіснамасын меңгереді, оқу және өндіріс тәжірибесінен өтеді. Қорытындылау кезеңінде магистр академиялық дәрежесіне талаптанушылар ғылыми зерттеуді орындайды және диссертацияны қорғайды.

Профильдің арнайы пәндерінің құрамына келесілер кіреді:

  • сараптамалық жүйелерді және білім базаларын жетілдіру;
  • математикалық лингвистика;
  • роботты техника;
  • зиятты датчиктер мен сенсорлық жүйелер;
  • ақпараттық-талдау және іздеу жүйелері;
  • программалық қамтамасыз етуді жобалау және жетілдіру.

Оқудың нәтижесінде түлек келесі қабілеттерді иемденеді:

  • ақпаратты өңдеудің технологиялық үдерістеріндегі деректерді зиятты талдау, машиналық оқыту және компьютерлік лингвистика программаларын білетін болады;
  • зиятты ақпараттық жүйелер мен шешім қабылдауды қолдау жүйелерін программалық және лингвистикалық қамтамасыз етуді меңгереді;
  • программа немесе жүйені жетілдіретін білімнің гуманитарлық саласының өзгешелігінің ескерілуімен, жасанды зият жүйелерін (зиятты жүйелерді, деректерді зиятты талдауды, роботтарға арналған есеп шешкіштерді, компьютерлік лингвистиканы және білім ұсынуды) жетілдіре алатын болады;
  • әр-түрлі білім салаларына (социологияға, медицинаға, криминалистикаға, бизнес-информатикаға) арналған зиятты жүйелердің құралдарын жетілдіру машықтарына қол жеткізеді.

Жұмысқа орналасу:

Ақпараттық есептеу технологиялары бағыты бойынша магистр ғылыми-зерттеушілік, жобалау-құрастырушылық, өндірістік-технологиялық, пайдаланушылық, ұйымдық-басқарушылық, педагогикалық қызметті атқара алады.

Оқуды тәмамдағаннан кейін магистрлер:

  • АТ-бөлімдерінде басшылық қызметтерде табысты жұмыс істейді;
  • инженер, ғылыми қызметкер, зертханалар мен ғылыми-зерттеу орталықтарының басшысы ретінде жұмысқа орналасады;
  • жетілдіруші, талдаушы, зиятты жүйелерді жетілдіруші-программалаушы, программалаушы-талдаушы, сараптамалық жүйелерді жетілдіруші, жасанды зият жөніндегі маман қызметтерінде жұмыс істейді;
  • информатика және заманауи техника саласындағы жаңа технологияларды жетілдіруші, кәсіби зерттеуші-ғалым мансабын таңдай отырып, оқуын аспирантурада жалғастырады.

Оқудың ұзақтығы:
2 жылдан 2,5 жылға дейін.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:
Тиісті бағыттағы, бакалавр дәрежесінің берілгендігі туралы диплом, немесе маман біліктілігінің берілгендігі туралы диплом.

Дипломдар:
«Жасанды интеллект және компьютерлік лингвистика» бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін Сіз РФ-ның мемлекеттік үлгідегі магистр дипломын, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымшаны (Diploma Supplement) аласыз.

Оқудың түрлері және құны:

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
414 500 тенге
(550 000 тенге)*
550 000 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project].

1 жылдық оқудың құны көрсетілген;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.