Ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігі

Ақпараттық қауіпсіздік нарығы жылына орташа есеппен 25–30%-ға ұлғайып отыр. Ең жоғары деңгейдегі өсу (жылына 50–60%) – орташа мерзімді келешекте SMB (шағын және орта бизнес) секторында орын алады деп болжануда.

Бұл нарықтың қарқынды дамуы – ақпарат қауіпсіздігі және оны қорғау жүйелері бойынша білікті мамандардың, соның ішінде: банк жүйелерінің аудиторларының, АТ-шешімдерді енгізу жөніндегі кеңесшілердің, ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін енгізу, жетілдіру, сүйемелдеу жөніндегі инженерлердің едәуір жетіспеушілігіне апарып соқтырады.

Бұл профильдің студенттері келесі пәндерді оқиды:

  • оңтайландыру әдістері;
  • жоғары өнімді есептеулер және бұлтты сервистер;
  • есептеу жүйелері;
  • информатика мен есептеу техникасының заманауи мәселелері;
  • АТ-жобаларын басқару.

Оқу барысында студенттер ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарының әдіснамасын меңгереді, оқу және өндіріс тәжірибесінен өтеді. Қорытындылау кезеңінде магистр академиялық дәрежесіне талаптанушылар ғылыми зерттеуді орындайды және диссертацияны қорғайды.

Профильдің арнайы пәндерінің құрамына келесілер кіреді:

  • криптография негіздері;
  • авторлық құқықтарды қорғаудың техникалық құралдары;
  • ақпараттық қауіпсіздік саласындағы менеджмент;
  • ақпараттық жүйелерді вирусқа қарсы қорғау;
  • ұйымның АТ-инфрақұрылымын басқару;
  • жүйелік әкімшілеу;
  • деректерді сақтау жүйелері мен желілері;
  • программалық қамтамасыз етуді жобалау және жетілдіру.

Оқудың нәтижесінде түлек келесі қабілеттерді иемденеді:

  • есептеу техникасы саласындағы заманауи технологиялар жиынтығын оқып зерттейді;
  • ғылыми-техникалық мәселелерді талдау, ғылыми-техникалық ақпаратты және патенттік көздерді жүйелеу және жалпылау; ғылыми зерттеулердің мақсаттары мен міндеттерін қою әдістемесін меңгереді;
  • есептеу техникасы құралдарының көмегімен зерттеу және тиімді программалық-аппараттық іске асыру мақсатында құбылыстардың, үдерістердің және жүйелердің математикалық үлгілерін іріктеу және түрлендіру әдістерін меңгереді;
  • адам қызметінің гуманитарлық салаларында және технологиялық, экономикалық, әлеуметтік жүйелерді басқаруда, жобалау-құрастырушылық қызметте, ғылыми зерттеулерде шешім қабылдауды қолдау жүйелері мен компьютерлік технологияларын, әдістерін, математикалық үлгілерін, алгоритмдерін жетілдіру машықтарын меңгереді.

Жұмысқа орналасу:

Ақпараттық есептеу технологиялары бағыты бойынша магистр ғылыми-зерттеушілік, жобалау-құрастырушылық, өндірістік-технологиялық, пайдаланушылық, ұйымдық-басқарушылық, педагогикалық қызметті атқара алады.

Оқуды тәмамдағаннан кейін магистрлер:

  • АТ-бөлімдерінде басшылық қызметтерде табысты жұмыс істейді;
  • инженер, ғылыми қызметкер, зертханалар мен ғылыми-зерттеу орталықтарының басшысы ретінде жұмысқа орналасады;
  • информатика және заманауи техника саласындағы жаңа технологияларды жетілдіруші, кәсіби зерттеуші-ғалым мансабын таңдай отырып, оқуын аспирантурада жалғастырады.

Оқудың ұзақтығы:
2 жылдан 2,5 жылға дейін.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:
Тиісті бағыттағы, бакалавр дәрежесінің берілгендігі туралы диплом, немесе маман біліктілігінің берілгендігі туралы диплом.

Дипломдар:
«Ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігі» бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін Сіз РФ-ның мемлекеттік үлгідегі магистр дипломын, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымшаны (Diploma Supplement) аласыз.

Оқудың түрлері және құны:

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
414 500 тенге
(550 000 тенге)*
550 000 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project].

1 жылдық оқудың құны көрсетілген;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.