Электроэнергетикалық жүйелер, желілер, электр беру, олардың тәртіптемелері, тұрақтылығы және сенімділігі

Электр энергетикасы – электр энергетикасын ТМД елдеріне және алыс шетелге экспорттауды жүзеге асыратын, Ресей экономикасының базалық саласы болып табылады. Саланың тұрақты өсуі және сенімді жұмыс жасауы көбінесе елдің энергетикалық қауіпсіздігін анықтайды және оның экономикалық әл-ауқатының маңызды факторы болып табылады. Саланың дамуы мамандардан – үнемділік және сенімділік критерийлерінің ескерілуімен, басқару және жобалау міндеттерін шешуге арналған машықтар мен білім деңгейінің жоғары болуын талап етеді.

Бұл профильдің студенттері келесі пәндерді оқиды:

  • компьютерлік, желілік және ақпараттық технологиялар;
  • электр энергетикасының заманауи мәселелері;
  • ақпараттық-өлшеу техникасы және электроника;
  • электр техникасының теориялық негіздері;
  • электр жүйелерінің сенімділігі.

Оқу барысында студенттер ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарының әдіснамасын меңгереді, оқу және өндіріс тәжірибесінен өтеді. Қорытындылау кезеңінде магистр академиялық дәрежесіне талаптанушылар ғылыми зерттеуді орындайды және диссертацияны қорғайды.

Профильдің арнайы пәндерінің құрамына келесілер кіреді:

  • электроэнергетикалық жүйелер мен желілер;
  • электр механикасы;
  • энергия жүйелерінің тәртіптемелерін үлгілеу;
  • жоғары кернеулер техникасы.

Оқудың нәтижесінде түлек келесі қабілеттерді иемденеді:

  • энергетика саласындағы заманауи технологиялар жиынтығын меңгереді; ғылыми-техникалық мәселелерді талдау, ғылыми-техникалық ақпаратты және патенттік көздерді жүйелеу және жалпылау; ғылыми зерттеулердің мақсаттары мен міндеттерін қою әдістемесін меңгереді;
  • жетілдіріліп жатқан жаңа технологиялардың, электроэнергетикалық нысандардың және электротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды анықтау және тәуекелдерді бағалау, кәсіби қызмет нысандарының қасиетін және жосығын болжауға мүмкіндік беретін үлгілерді құру және талдау әдістерін оқып зерттейді;
  • электроэнергетикалық және электротехникалық жабдықтарды монтаждау, реттеу, сынау және пайдалануға беру, зерттеулерді жоспарлау, тәжірибелік жұмыс әдістемелерін таңдау және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсыну машықтарын игереді;
  • электроэнергетикалық жүйелердегі (ЭЭЖ) үдерістерді автоматтандыру саласындағы Ресейлік және шетелдік фирмалар мен кәсіпорындарды заманауи ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізуге және тиімді пайдалануға қабілетті болады;
  • заманауи программалық-техникалық кешендердің базасында электроэнергетикалық жүйелерді автоматты түрде басқару және қорғау жүйелерін пайдалану және жобалау міндеттерін шешуге қабілетті болады.

Жұмысқа орналасу:

Магистр ғылыми-зерттеушілік, жобалау-құрастырушылық, өндірістік-технологиялық, пайдаланушылық, ұйымдық-басқарушылық, педагогикалық қызметті атқара алады.

Оқуды тәмамдағаннан кейін магистрлер:

  • электр энергиясын өндіру және үлестіру жөніндегі жетекші кәсіпорындарда, инжинирингілік және энергосервистік компанияларда, жобалау ұйымдарында, салалық институттарда, энергомашинажасау кәсіпорындарында келесі қызметтерде жұмыс істейді: технолог, маман, бөлімшелердің басшысы;
  • жоғары және орта оқу орындарында оқытушылық қызметпен айналысады, энергетика және электр техникасы саласындағы жаңа технологияларды жетілдіруші, зерттеуші-ғалым мансабын таңдай отырып, оқуын аспирантурада жалғастырады.

Учебный план и график учебного процесса

Оқудың ұзақтығы:
2,3 жылға дейін.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:
Тиісті бағыттағы, бакалавр дәрежесінің берілгендігі туралы диплом, немесе маман біліктілігінің берілгендігі туралы диплом.

Дипломдар:
«Электроэнергетикалық жүйелер, желілер, электр беру, олардың тәртіптемелері, тұрақтылығы және сенімділігі» бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін Сіз РФ-ның мемлекеттік үлгідегі магистр дипломын, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымшаны (Diploma Supplement) аласыз.

Оқудың түрлері және құны:

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
414 500 тенге
(550 000 тенге)*
550 000 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project].

1 жылдық оқудың құны көрсетілген;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.