Халықаралық экономика

Бұл бағдарлама халықаралық экономикалық қатынастардың теориясы мен тәжірибесі саласындағы біліктілігі жоғары мамандарды даярлауды қарастырады. Оқу үдерісінде нақты экономикалық талдау машықтарын, теориялық және арнайы білімді меңгеруге басты назар аударылады.

Бұл профильдің студенттері келесі пәндерді оқиды:

  • экономиканың заманауи мәселелері, шет тілі, макроэкономикалық жоспарлау және болжау;
  • салық құқығының заманауи аспектілері, сыртқы экономикалық саясат.

Профильдің арнайы пәндерінің құрамына келесілер кіреді:

  • микро- және макроэкономика, әлемдік экономика, инвестициялық менеджмент, халықаралық экономикалық қатынастар;
  • халықаралық валюталық-несиелік қатынастар, СЭҚ-ті сақтандыру, халықаралық маркетинг.

Таңдау бойынша оқылатын пәндердің арасынан келесілер оқылады: халықаралық сауда, фирманың сыртқы экономикалық қызметі, СЭҚ-ті құқықтық реттеу, бизнес-жоспарлау.

Оқудың нәтижесінде түлек келесі қабілеттерді иемденеді:

  • тәуекелдік және тұрлаусыздық жағдайларында халықаралық нарықтардағы экономикалық агенттердің жосығының тиімді стратегияларының бағдарламаларын жетілдіруге қабілетті болады;
  • халықаралық экономиканы басқарудың заманауи технологияларын қолдана білетін болады;
  • инвестициялық өзгерістер жағдайында аймақтардың, салалардың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін болжауға қабілетті болады.

Жұмысқа орналасу:

Оқуды тәмамдағаннан кейін, осы бағдарламаның түлектері халықаралық компаниялар мен өкілдіктерде; өндірістік кәсіпорындарда; әр-түрлі деңгейлердегі мемлекеттік, муниципалдық, аймақтық құрылымдарда; консалтингілік және аудиторлық фирмаларда; банктерде, инвестициялық және сақтандыру компанияларында келесі қызметтерде табысты жұмыс істейді:

  • халықаралық бөлімдер мен қызметтердің, департаменттердің басшысы, талдау қызметтері мен рейтинг агенттіктерінің маманы, сарапшы.

Оқудың ұзақтығы:
2 жылдан 2,5 жылға дейін.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:
Тиісті бағыттағы, бакалавр дәрежесінің берілгендігі туралы диплом, немесе маман біліктілігінің берілгендігі туралы диплом.

Дипломдар:
«Халықаралық экономика» бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін Сіз РФ-ның мемлекеттік үлгідегі магистр дипломын, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымшаны (Diploma Supplement) аласыз.

Оқудың түрлері және құны:

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
364 500 тенге
(500 000 тенге)*
500 000 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project].

1 жылдық оқудың құны көрсетілген;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.