Қаржы

Бұл бағдарлама қаржыны басқару, қаржылық талдау, қаржылық және салықтық жоспарлау, қаржы менеджменті салаларындағы, инвестициялық және қаржылық басқарушылық шешімдерді ақпараттық қолдаудың қажетті машықтарын меңгерген біліктілігі жоғары жетекшілер мен мамандарды даярлауға бағытталған.

Бұл профильдің студенттері келесі пәндерді оқиды:

  • экономиканың заманауи мәселелері, салық құқығының заманауи аспектілері, сыртқы экономикалық саясат;
  • макроэкономикалық жоспарлау және болжау, институционалды өзгерістер теориясы, жүйелер теориясы және жүйелік талдау.

Профильдің арнайы пәндерінің құрамына келесілер кіреді:

  • қаржы жүйесі, қаржы менеджменті, аудит, халықаралық есеп және қаржы есептемесі стандарттары;
  • қаржы нарықтары мен институттары, қаржы қызметінің маркетингі, және т.б.

Таңдау бойынша оқылатын пәндердің арасынан келесілер оқылады: экономикадағы болжаудың статистикалық әдістері, корпоративтік қаржы, инвестициялық талдау, салық және салық салу, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау және диагностика жасау және т.б.

Оқудың нәтижесінде түлек келесі қабілеттерді иемденеді:

  • кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдаудың негізінде кәсіпорынның қаржы стратегиясын, саясатын және тактикасын таңдау жөніндегі негізделген шешімдерді қабылдай алады және олар үшін жауапкершілікті өз мойнына алады;
  • ресейлік және халықаралық есеп стандарттарын біледі, оларды қолдана алады;
  • аудит тәсілдерін меңгереді, салық салу мәселелерін түсінеді;
  • кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында, әр-түрлі қаржы сұлбаларын құрастыра алады.

Жұмысқа орналасу:

Оқуды тәмамдағаннан кейін, осы бағдарламаның түлектері әр-түрлі деңгейдегі мемлекеттік, муниципалдық, аймақтық қаржы институттарында, қаржы корпорацияларында; инвестициялық және қаржы компанияларында, банк құрылымдарында; консалтингілік және аудиторлық фирмаларда; сақтандыру компанияларында; брокерлік кеңселерде, экономикалық баспасөз басылымдарында, сондай-ақ, ірі корпорациялар мен мемлекеттік реттеу органдарында келесі қызметтерде табысты жұмыс істейді:

  • қаржы департаменттерінің директоры, қаржы бөлімдері мен қызметтерінің басшысы, қаржы директоры, қаржы менеджері.

Оқудың ұзақтығы:
2 жылдан 2,5 жылға дейін.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:
Тиісті бағыттағы, бакалавр дәрежесінің берілгендігі туралы диплом, немесе маман біліктілігінің берілгендігі туралы диплом.

Дипломдар:
«Қаржы» бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін Сіз РФ-ның мемлекеттік үлгідегі магистр дипломын, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымшаны (Diploma Supplement) аласыз.

Оқудың түрлері және құны:

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
364 500 тенге
(500 000 тенге)*
500 000 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project].

1 жылдық оқудың құны көрсетілген;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.