Банктер және банк қызметі

Бұл бағдарлама – банк істерін жүзеге асыруға және талдауға қабілетті, сондай-ақ қаржы, несие құралдарын және банк саласындағы бағыттарды таңдауға қабілетті кадрларды даярлауға арналған.

Бұл профильдің студенттері келесі пәндерді оқиды:

  • экономиканың заманауи мәселелері, шет тілі, макроэкономикалық жоспарлау және болжау, басқару жүйелерін зерттеу;
  • заманауи экономикалық саясат, жүйелер теориясы және жүйелік талдау.

Профильдің арнайы пәндерінің құрамына келесілер кіреді:

  • банк жүйесі, ақша-несие реттеуі, аудит, банктердің есебі мен есептемесі стандарттары;
  • банктегі тәуекелдерді басқару, қаржы қызметтерінің маркетингі.

Таңдау бойынша оқылатын пәндердің арасынан келесілер оқылады: дағдарысқа қарсы басқару, инвестициялық талдау, салық және салық салу, сақтандыру және т.б.

Оқудың нәтижесінде түлек келесі қабілеттерді иемденеді:

  • қарызгердің қаржы орнықтылығын бағалауға, несие ұйымдарының тәуекелдерін талдауға қабілетті болады; бизнес-үдерістердің тиімділігін бағалай алатын болады;
  • компаниялардың қаржы нарықтарындағы жосығының стратегияларын негіздеуге қабілетті болады;
  • ақша-несие реттеуінің құралдарын таңдау және қолдану қабілеттерін иемденеді.

Жұмысқа орналасу:

Оқуды тәмамдағаннан кейін, осы бағдарламаның түлектері коммерциялық банктерде; әр-түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда; қоғамдық ұйымдарда; консалтингілік және аудиторлық компанияларда келесі қызметтерде табысты жұмыс істейді:

  • топ-менеджер, менеджер, аудитор.

Оқудың ұзақтығы:
2 жылдан 2,5 жылға дейін.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:
Тиісті бағыттағы, бакалавр дәрежесінің берілгендігі туралы диплом, немесе маман біліктілігінің берілгендігі туралы диплом.

Дипломдар:
«Банктер және банк қызметі» бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін Сіз РФ-ның мемлекеттік үлгідегі магистр дипломын, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымшаны (Diploma Supplement) аласыз.

Оқудың түрлері және құны:

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
364 500 тенге
(500 000 тенге)*
500 000 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project].

1 жылдық оқудың құны көрсетілген;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.