Есепке алу, талдау және аудит

Бұл бағдарлама бухгалтелік есеп, қолданбалы қаржы-экономикалық талдау және аудит салаларында, Ресейдегі бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттарға сәйкес бейімдеу мәселелері және басқару тәжірибесіне басқарушылық есептің заманауи әдістерін енгізу салаларында терең білімі бар білікті басшылар мен мамандарды даярлауға бағытталған.

Бұл профильдің студенттері келесі пәндерді оқиды:

  • экономиканың заманауи мәселелері, салық құқығының заманауи аспектілері, қазіргі заманғы экономикалық саясат;
  • макроэкономикалық жоспарлау және болжау, басқару жүйелерін зерттеу.

Профильдің арнайы пәндерінің құрамына келесілер кіреді:

  • және басқарудағы ақпараттық технологиялар, қаржы есебі мен есептемесі, аудит;
  • басқарушылық есеп, экономикалық талдау, халықаралық есеп және қаржы есептемесі стандарттары.

Таңдау бойынша оқылатын пәндердің арасынан келесілер оқылады: экономикадағы болжаудың статистикалық әдістері, корпоративтік қаржы, салық және салық салу, баға белгілеу, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау және диагностика жасау және т.б.

Оқудың нәтижесінде түлек келесі қабілеттерді иемденеді:

  • ресейлік және халықаралық есеп стандарттарын біледі, оларды қолдана алады;
  • кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қызметінің қаржылық нәтижелері туралы, сондай-ақ, активтері, міндеттемелері, капиталы, ақша ағындарының қозғалысы, табыстары мен шығындары туралы ақпаратты қалыптастыруды, талдауды және басқару үшін пайдалануды қамтамасыз етуге қабілетті болады;
  • салық салуды кәсіби тұрғыда түсінеді, аудиттің әдістерін меңгереді;
  • бухгалтерлік құжаттаманы біледі, есеп жүргізуге қабілетті болады;
  • кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің үдерістерін талдай алады және оларды жақсарту бойынша негізделген шешімдерді қабылдай алады.

Жұмысқа орналасу:

Оқуды тәмамдағаннан кейін, осы бағдарламаның түлектері әр-түрлі деңгейдегі мемлекеттік, муниципалдық, аймақтық құрылымдарда; консалтингілік және аудиторлық фирмаларда; банктерде, инвестициялық және сақтандыру компанияларында; ғылыми ұйымдар мен институттарда, білім беру мекемелерінде келесі қызметтерде табысты жұмыс істейді:

  • кәсіпорын басшысы, бас бухгалтер, ішкі және сыртқы аудитор, менеджер, кеңесші.

Оқудың ұзақтығы:
2 жылдан 2,5 жылға дейін.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:
Тиісті бағыттағы, бакалавр дәрежесінің берілгендігі туралы диплом, немесе маман біліктілігінің берілгендігі туралы диплом.

Дипломдар:
«Есепке алу, талдау және аудит» бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін Сіз РФ-ның мемлекеттік үлгідегі магистр дипломын, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымшаны (Diploma Supplement) аласыз.

Оқудың түрлері және құны:

ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
364 500 тенге
(500 000 тенге)*
500 000 тенге

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project].

1 жылдық оқудың құны көрсетілген;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.