Стратегиялық басқару

Стратегиялық менеджмент ірі кәсіпорындарға да, шағын кәсіпорындарға да қажет. Бұл функцияны біліктілікпен және тиімді түрде жүзеге асыру үшін экономика, менеджмент және кәсіпкерлік саласындағы терең және кешенді білім қажет.

Бұл профильдің студенттері келесі пәндерді оқиды:

  • тарих, философия, логика, құқықтану, социология, психология, шет тілі, іскерлік қатынасу, экономика;
  • математика, статистика, ақпараттық технологиялар, басқару жүйелерін зерттеу, операцияларды зерттеу, жүйелік талдау, басқарушылық шешімдерді қабылдау әдістері.

Оқу барысында келесілерге ерекше назар аударылады: менеджмент теориясы, жобаларды басқару, инновациялық менеджмент, есепке алу және талдау, қаржы менеджменті, адам ресурстарын басқару, бизнес-үдерістерді үлгілеу, инвестициялық талдау және т.б.

Профильдің арнайы пәндерінің құрамына келесілер кіреді:

  • стратегиялық менеджмент, бизнес-үдерістерді үлгілеу, логистика, іскерлік коммуникациялар, жарнама негіздері, сапаны басқару;
  • кәсіпкерлік негіздері, өндірісті ұйымдастыру және басқару, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау, салық және салық салу, бизнес-жоспарлау.

Таңдау бойынша оқылатын пәндердің арасынан келесілер оқылады: заманауи стратегиялық талдау, стратегиялық маркетинг, қызметкерлерді басқару стратегиясы, өзгерістерді басқару, компанияларды қайта құрылымдау, ақпараттық-технологиялық ресурстарды басқару, дағдарысқа қарсы басқару.

Оқудың нәтижесінде түлек келесі қабілеттерді иемденеді:

  • өз кәсіпорнындағы стратегиялық жоспарларды, бағдарламаларды және жобаларды жетілдіреді және жүзеге асырады;
  • тұрлаусыздық жағдайында кәсіпкерлік құрылымдардың тұрақты түрде дамуын қамтамасыз етеді;
  • стратегиялық талдауды және жаңа нарықтық мүмкіншіліктерді іздеуді жүзеге асырады, жаңа жобалардың бизнес-жоспарларын жетілдіреді және ұсынады;
  • шағын кәсіпорындарды «нөлден бастап» ұйымдастырады және қолда бар кәсіпкерлік құрылымдарды дамытуды жүзеге асырады;
  • бизнестің барлық мүдделі тараптарымен тиімді байланыстарды ұйымдастырады.

Жұмысқа орналасу:

Оқуды тәмамдағаннан кейін, осы профильдің түлектері әр-түрлі салалардағы орташа және шағын компанияларда, жаңа және қолда бар кәсіпкерлік құрылымдарда стратегиялық даму және жоспарлау бөлімдерінде; консалтингілік, қаржы және талдау компанияларында жобаларды талдау және кәсіпкерлік мүмкіншіліктерді зерттеу бөлімдерінде келесі қызметтерде табысты жұмыс істейді:

  • маман, талдаушы, кеңесші;
  • бөлімдер мен жобалардың жетекшісі;
  • кәсіпкер және кәсіпкерлік командалардың мүшесі.

Жобалы оқу жоспары

BBA: Стратегиялық басқару бағдарламасының жобалы оқу жоспарын қараңыз


Оқудың ұзақтығы:
2,5 жылдан 4,5 жылға дейін.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:
Жалпы (толық) орта білім туралы аттестат (11 сынып) немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (техникум немесе колледж). Қажет болған жағдайда, бірыңғай мемлекеттік емтиханның (БМЕ) нәтижелері.

Дипломдар:
«Стратегиялық басқарудағы іскерлік әкімшілеу бакалавры» бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін Сіз екі диплом аласыз:

  1. РФ-ның мемлекеттік үлгідегі бакалавр дипломы.
  2. Бизнес-әкімшілеу бакалавры дәрежесінің (Bachelor of Business Administration) берілгендігі туралы халықаралық үлгідегі диплом, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), ағылшын тілінде, шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
395 000 руб.
(600 000 руб.)*
600 000 руб.
169 500 руб.
(279 500 руб.)*
279 500 руб.

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project]

1 жылдық оқудың құны көрсетілген;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.