Сатуларды басқару

Шағын және орташа бизнестің табысқа жетуі — сатулардың өсуін тудыру және қуаттап отыру қабілеттеріне байланысты. Бұл міндетті шешу оңай нәрсе емес, бұл — менеджмент, маркетинг, экономика, кәсіпкерлік салаларындағы кәсіби машықтар мен ептілікті қолдануды қажет етеді.

Бұл профильдің студенттері келесі пәндерді оқиды:

  • тарих, философия, логика, құқықтану, социология, психология, шет тілі, іскерлік қатынасу, экономика;
  • математика, статистика, ақпараттық технологиялар, басқару жүйелерін зерттеу, операцияларды зерттеу, жүйелік талдау, басқарушылық шешімдерді қабылдау әдістері.

Оқу барысында келесілерге ерекше назар аударылады: менеджмент теориясы, инновациялық менеджмент, есепке алу және талдау, қаржы менеджменті, бизнес-үдерістерді үлгілеу, инвестициялық талдау және т.б.

Профильдің арнайы пәндерінің құрамына келесілер кіреді:

  • операцияларды басқару, стратегиялық менеджмент, бизнес-үдерістерді үлгілеу, логистика, іскерлік коммуникациялар, жарнама негіздері, сапаны басқару;
  • кәсіпкерлік негіздері, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау, салық және салық салу, бизнес-жоспарлау.

Таңдау бойынша оқылатын пәндердің арасынан келесілер оқылады: ұйымдық жобалау, жобаларды басқарудың ақпараттық жүйелері, тауарлар мен қызметтерді жобалау, өзгерістерді басқару, көшбасшылық, баға белгілеу, метрология, стандарттау, сертификаттау т.б.

Оқудың нәтижесінде түлек келесі қабілеттерді иемденеді:

  • кәсіпкерлік құрылымдардың сату жүйесін және өнімдер мен қызметтерді жылжыту жүйесін талдайды, ұйымдастырады, оңтайландырады және дамытады;
  • сұранысты қалыптастырудың және өткізуді ынталандырудың жаңа технологияларын енгізеді және дамытады;
  • брендті басқару, сатып алушылардың жылы шырайлылығын арттыру жобаларын, жарнамалық және PR-кампанияларды жүзеге асырады және үйлестіреді.

Жұмысқа орналасу:

Оқуды тәмамдағаннан кейін, осы профильдің түлектері кәсіпкерлік құрылымдарда, шағын және орташа кәсіпорындарда өндірістік-технологиялық бөлімдерінде, жобалар және бағдарламалар бөлімдерінде, даму бөлімдерінде, жекелеген жобалар шеңберінде; жобалық және үдерістік менеджмент салаларында маманданатын консалтингілік және жаттықтыру компанияларында келесі қызметтерде табысты жұмыс істейді:

  • бизнес-үдерістерді сипаттау және оңтайландыру жөніндегі, жобаларды басқару жөніндегі маман, бизнес-талдаушы;
  • жобалардың жетекшілері және үйлестірушілері.

Жобалы оқу жоспары

BBA: Сатуларды басқару бағдарламасының жобалы оқу жоспарын қараңыз


Оқудың ұзақтығы:
2,5 жылдан 4,5 жылға дейін.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:
Жалпы (толық) орта білім туралы аттестат (11 сынып) немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (техникум немесе колледж). Қажет болған жағдайда, бірыңғай мемлекеттік емтиханның (БМЕ) нәтижелері.

Дипломдар:
«Сатуларды басқарудағы іскерлік әкімшілеу бакалавры» бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін Сіз екі диплом аласыз:

  1. РФ-ның мемлекеттік үлгідегі бакалавр дипломы.
  2. Бизнес-әкімшілеу бакалавры дәрежесінің (Bachelor of Business Administration) берілгендігі туралы халықаралық үлгідегі диплом, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), ағылшын тілінде, шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
395 000 руб.
(600 000 руб.)*
600 000 руб.
169 500 руб.
(279 500 руб.)*
279 500 руб.

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project]

1 жылдық оқудың құны көрсетілген;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.