Үдерістерді және жобаларды басқару

Өзінің көлеміне қарамастан, шағын және орташа кәсіпорындар – үдерістер мен жобалардың күрделі жүйесі болып табылады, ал оларды басқару – жоғары деңгейдегі даярлықты қажет етеді. Үдерістерді және жобаларды басқару жөніндегі мамандар дамып келе жатқан шағын және орташа компанияларда, әсіресе экономиканың белсенді секторларындағы компанияларда қажет етілуі мүмкін.

Бұл профильдің студенттері келесі пәндерді оқиды:

  • тарих, философия, логика, құқықтану, социология, психология, шет тілі, іскерлік қатынасу, экономика;
  • математика, статистика, ақпараттық технологиялар, басқару жүйелерін зерттеу, операцияларды зерттеу, жүйелік талдау, басқарушылық шешімдерді қабылдау әдістері.

Оқу барысында келесілерге ерекше назар аударылады: менеджмент теориясы, жобаларды басқару, инновациялық менеджмент, есепке алу және талдау, қаржы менеджменті, бизнес-үдерістерді үлгілеу, инвестициялық талдау және т.б.

Профильдің арнайы пәндерінің құрамына келесілер кіреді:

  • жобаларды басқару, стратегиялық менеджмент, бизнес-үдерістерді үлгілеу, логистика, іскерлік коммуникациялар, жарнама негіздері, сапаны басқару;
  • операцияларды басқару, кәсіпкерлік негіздері, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау, салық және салық салу, бизнес-жоспарлау.

Таңдау бойынша оқылатын пәндердің арасынан келесілер оқылады: сатуларды басқару, маркетингілік зерттеулер, тұтынушылардың жүріс-тұрысы, жарнама негіздері, стратегиялық маркетинг, маркетингілік коммуникациялар және т.б.

Оқудың нәтижесінде түлек келесі қабілеттерді иемденеді:

  • шағын және орташа кәсіпорындардың бинес-үдерістерін талдауды, бағалауды, жоспарлауды және оңтайландыруды жүзеге асырады;
  • үдерістердің тиімділігін арттырудың жаңа басқарушылық технологияларын енгізеді және дамытады;
  • дамыту, жаңа тауарлар мен қызметтерді шығару, жаңа технологияларды игеру жобаларын жетілдіреді және жүзеге асырады;
  • жобаларды басқарудың заманауи технологияларын енгізеді.

Жұмысқа орналасу:

Оқуды тәмамдағаннан кейін, осы профильдің түлектері кәсіпкерлік құрылымдарда, шағын және орташа кәсіпорындарда өндірістік-технологиялық бөлімдерінде, сату, жарнама, маркетинг бөлімдерінде, коммерциялық бөлімшелерінде келесі қызметтерде табысты жұмыс істейді:

  • өткізуді ұйымдастыру жөніндегі маман, сату жөніндегі кеңесші, маркетолог, клиенттерді тарту жөніндегі маман;
  • тиісті бөлімшелердің басшысы.

Жобалы оқу жоспары

BBA: Үдерістерді және жобаларды басқару бағдарламасының жобалы оқу жоспарын қараңыз


Оқудың ұзақтығы:
2,5 жылдан 4,5 жылға дейін.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:
Жалпы (толық) орта білім туралы аттестат (11 сынып) немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (техникум немесе колледж). Қажет болған жағдайда, бірыңғай мемлекеттік емтиханның (БМЕ) нәтижелері.

Дипломдар:
«Жобаларды басқарудағы іскерлік әкімшілеу бакалавры» бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін Сіз екі диплом аласыз:

  1. РФ-ның мемлекеттік үлгідегі бакалавр дипломы.
  2. Бизнес-әкімшілеу бакалавры дәрежесінің (Bachelor of Business Administration) берілгендігі туралы халықаралық үлгідегі диплом, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), ағылшын тілінде, шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
395 000 руб.
(600 000 руб.)*
600 000 руб.
169 500 руб.
(279 500 руб.)*
279 500 руб.

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project]

1 жылдық оқудың құны көрсетілген;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.