Өндірісті басқару

Шағын және орташа кәсіпорындардың басым бөлігі өндірістік қызметке тартылған, оның технологиясы белсенді түрде дамып, жараып отыруда. Өндірісті табысты түрде басқару үшін менеджмент, экономика және кәсіпкерлік салаларында білімі және машықтары бар мамандар қажет.

Бұл профильдің студенттері келесі пәндерді оқиды:

  • тарих, философия, логика, құқықтану, социология, психология, шет тілі, іскерлік қатынасу, экономика;
  • математика, статистика, ақпараттық технологиялар, басқару жүйелерін зерттеу, операцияларды зерттеу, жүйелік талдау, басқарушылық шешімдерді қабылдау әдістері.

Оқу барысында келесілерге ерекше назар аударылады: менеджмент теориясы, жобаларды басқару, инновациялық менеджмент, есепке алу және талдау, қаржы менеджменті, адам ресурстарын басқару, бизнес-үдерістерді үлгілеу, инвестициялық талдау және т.б.

Профильдің арнайы пәндерінің құрамына келесілер кіреді:

  • өндірісті ұйымдастыру және басқару, стратегиялық менеджмент, бизнес-үдерістерді үлгілеу, логистика, іскерлік коммуникациялар, жарнама негіздері, сапаны басқару;
  • кәсіпкерлік негіздері, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау, салық және салық салу, бизнес-жоспарлау.

Таңдау бойынша оқылатын пәндердің арасынан келесілер оқылады: ұйымдық жобалау, кәсіпорынның ақпараттық-технологиялық ресурстарын басқару, еңбек құқығы, компанияның құнын бағалау, еңбекті ұйымдастыру, нормалау және еңбекақы төлеу және т.б.

Оқудың нәтижесінде түлек келесі қабілеттерді иемденеді:

  • өндірістік шағын кәсіпорындарды ұйымдастырудың және дамытудың, жаңа технологиялар мен тауарларды игерудің, өндірістік қуаттылықтарды жаңартудың немесе кеңейтудың келешегін талдайды;
  • өндірістің, жоспарлаудың экономикалық тиімділігін зерттеуді жүзеге асырады және өндірістік үдерістерді оңтайландыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады;
  • өндірістік потенциалды дамыту жобаларының бизнес-жоспарларын жетілдіреді және талдайды;
  • шағын кәсіпорынның өндірістік үдерістерінің шеңберіндегі қызметті жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылайды.

Жұмысқа орналасу:

Оқуды тәмамдағаннан кейін, осы профильдің түлектері жаңа және қолда бар кәсіпкерлік құрылымдарда, өндірістік және сервистік компанияларда өндірістік-технологиялық және жоспарлау-экономикалық бөлімдерінде келесі қызметтерде табысты жұмыс істейді:

  • өндірісті ұйымдастыру жөніндегі маман;
  • бөлімдер мен жобалардың жетекшісі;
  • кәсіпкер және кәсіпкерлік командалардың мүшесі.

Жобалы оқу жоспары

BBA: Өндірісті_басқару бағдарламасының жобалы оқу жоспарын қараңыз


Оқудың ұзақтығы:
2,5 жылдан 4,5 жылға дейін.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:
Жалпы (толық) орта білім туралы аттестат (11 сынып) немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (техникум немесе колледж). Қажет болған жағдайда, бірыңғай мемлекеттік емтиханның (БМЕ) нәтижелері.

Дипломдар:
«Өндірісті басқарудағы іскерлік әкімшілеу бакалавры» бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін Сіз екі диплом аласыз:

  1. РФ-ның мемлекеттік үлгідегі бакалавр дипломы.
  2. Бизнес-әкімшілеу бакалавры дәрежесінің (Bachelor of Business Administration) берілгендігі туралы халықаралық үлгідегі диплом, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), ағылшын тілінде, шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
395 000 руб.
(600 000 руб.)*
600 000 руб.
169 500 руб.
(279 500 руб.)*
279 500 руб.

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project]

1 жылдық оқудың құны көрсетілген;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.