Мейрамхана бизнесі

Мейрамхана бизнесі — жаңадан бастап жүрген кәсіпкерлердің арасында кеңінен тараған бизнестердің бірі болып табылады. Алайда, осы саладағы сапалы білімді иемдене отырып, өз біліміңді ұдайы жетілдіре отырып және өз кәсіпорныңды ұйымдастырудың жаңа әдістерін енгізе отырып, осы бизнестегі лайықты орынды иемденуге ұмтылсаңыз болады. Кәсіби ресторатор үшін – басқарушылық машықтарды иемденумен қатар, маркетинг және кәсіпкерлік негіздерін, өндірістік үдерістердің қағидаттарын және басқа да қажет етілетін пәндерді білген өте маңызды.

Бұл профильдің студенттері келесі пәндерді оқиды:

  • тарих, философия, логика, құқықтану, социология, психология, шет тілі, іскерлік қатынасу, экономика;
  • математика, статистика, ақпараттық технологиялар, басқару жүйелерін зерттеу, операцияларды зерттеу, жүйелік талдау, басқарушылық шешімдерді қабылдау әдістері.

Оқу барысында келесілерге ерекше назар аударылады: менеджмент теориясы, жобаларды басқару, инновациялық менеджмент, есепке алу және талдау, қаржы менеджменті, адам ресурстарын басқару, бизнес-үдерістерді үлгілеу, инвестициялық талдау және т.б.

Профильдің арнайы пәндерінің құрамына келесілер кіреді:

  • бизнес-үдерістерді үлгілеу, логистика, іскерлік коммуникациялар, жарнама негіздері, сапаны басқару;
  • кәсіпкерлік негіздері, өндірісті ұйымдастыру және басқару, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау, салық және салық салу, бизнес-жоспарлау.

Таңдау бойынша оқылатын пәндердің арасынан келесілер оқылады: сервисология негіздері, мейрамхана ісін ұйымдастыру, мейрамхана кешендерінде тамақтануды ұйымдастыру, сатуларды басқару, тұтынушылардың жүріс-тұрысы, мейрамхана бизнесіндегі жарнама негіздері, баға белгілеу және т.б.

Оқудың нәтижесінде түлек келесі қабілеттерді иемденеді:

  • мейрамхана индустриясындағы жаңа нарықтық мүмкіншіліктерді іздеуді жүзеге асырады, жаңа жобалардың бизнес-жоспарларын жетілдіреді және ұсынады;
  • мейрамханаларды, кафелерді, барларды, кофеханаларды және басқа да қоғамдық тамақтану кәсіпорындарын «нөлден бастап» ұйымдастырады және қолда бар құрылымдарды дамытуды жүзеге асырады;
  • жабдықтау, қоғамдық тамақтану, клиенттерге қызмет көрсету үдерістерін жобалайды және ұйымдастырады;
  • мейрамхана индустриясында жаңа жобаларды, брендтерді, желілерді, қызметтерді жылжытады;
  • клиенттермен және басқа да мүдделі тараптармен тиімді байланыстарды қалыптастырады.

Жұмысқа орналасу:

Оқуды тәмамдағаннан кейін, осы профильдің түлектері әр-түрлі қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында – мейрамханаларда, кафелерде, кофеханаларда, барларда, клубтарда, кетерингілік компанияларда, ірі компаниялардың қоғамдық тамақтану кешендерінде келесі қызметтерде табысты жұмыс істейді:

  • ресторатор, директор, менеджер, үдерістерді ұйымдастыру жөніндегі, қызметтерді жылжыту жөніндегі маман және т.б.

Жобалы оқу жоспары

BBA: Мейрамхана бизнесі бағдарламасының жобалы оқу жоспарын қараңыз


Оқудың ұзақтығы:
2,5 жылдан 4,5 жылға дейін.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:
Жалпы (толық) орта білім туралы аттестат (11 сынып) немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (техникум немесе колледж). Қажет болған жағдайда, бірыңғай мемлекеттік емтиханның (БМЕ) нәтижелері.

Дипломдар:
«Мейрамхана бизнесіндегі іскерлік әкімшілеу бакалавры» бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін Сіз екі диплом аласыз:

  1. РФ-ның мемлекеттік үлгідегі бакалавр дипломы.
  2. Бизнес-әкімшілеу бакалавры дәрежесінің (Bachelor of Business Administration) берілгендігі туралы халықаралық үлгідегі диплом, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), ағылшын тілінде, шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
395 000 руб.
(600 000 руб.)*
600 000 руб.
169 500 руб.
(279 500 руб.)*
279 500 руб.

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project]

1 жылдық оқудың құны көрсетілген;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.