Құрылыс бизнесі

Құрылыс саласында кәсіпкерлік мүмкіншіліктердің кең ауқымы бар. Алайда оларды пайдалану үшін нарықтың ағымдағы жағдайына төтеп беруге және ілгері жылжуға көмектесетін машықтарды меңгеру қажет.

Бұл профильдің студенттері келесі пәндерді оқиды:

  • тарих, философия, логика, құқықтану, социология, психология, шет тілі, іскерлік қатынасу, экономика;
  • математика, статистика, ақпараттық технологиялар, басқару жүйелерін зерттеу, операцияларды зерттеу, жүйелік талдау, басқарушылық шешімдерді қабылдау әдістері.

Оқу барысында келесілерге ерекше назар аударылады: менеджмент теориясы, маркетинг, инновациялық менеджмент, есепке алу және талдау, қаржы менеджменті, адам ресурстарын басқару, бизнес-үдерістерді үлгілеу, инвестициялық талдау және т.б.

Профильдің арнайы пәндерінің құрамына келесілер кіреді:

  • жобаларды басқару, стратегиялық менеджмент, бизнес-үдерістерді үлгілеу, логистика, іскерлік коммуникациялар, жарнама негіздері, сапаны басқару;
  • кәсіпкерлік негіздері, өндірісті ұйымдастыру және басқару, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау, салық және салық салу, бизнес-жоспарлау.

Таңдау бойынша оқылатын пәндердің арасынан келесілер оқылады: құрылыс өндірісін ұйымдастыру, құрылысты қаржыландыру, сметалық істің негіздері, құрылыстағы заңнама, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, құрылыс материалдары және т.б.

Оқудың нәтижесінде түлек келесі қабілеттерді иемденеді:

  • құрылыс қызметтері нарығындағы жаңа нарықтық мүмкіндіктерді іздеуді жүзеге асырады, жаңа құрылыс кәсіпорындарын құрудың бизнес-жоспарларын жетілдіреді және ұсынады;
  • жаңа құрылыс кәсіпорындарын «нөлден бастап» құрады және қолда бар компанияларды дамытуды жүзеге асырады;
  • құрылыс өндірісінің операциялық үдерістерін жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылайды; инвестициялық-құрылыс жобаларын басқарады;
  • құрылыс жобаларын қаржыландыруды ұйымдастырады;
  • тапсырыс берушілермен, жобалаушылармен және құрылыс жобаларының басқа қатысушыларымен тиімді коммуникацияларды қалыптастырады.

Жұмысқа орналасу:

Оқуды тәмамдағаннан кейін, осы профильдің түлектері әр-түрлі қызмет ауқымындағы құрылыс кәсіпорындарында өндірістік-техникалық, жоспарлау-экономикалық бөлімдерде, стратегиялық даму бөлімдерінде келесі қызметтерде табысты жұмыс істейді:

  • бөлімдер мен жобалар маманы және жетекшісі;
  • компаниялардың директоры.

Жобалы оқу жоспары

BBA: Құрылыс бизнесі бағдарламасының жобалы оқу жоспарын қараңыз


Оқудың ұзақтығы:
2,5 жылдан 4,5 жылға дейін.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:
Жалпы (толық) орта білім туралы аттестат (11 сынып) немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (техникум немесе колледж). Қажет болған жағдайда, бірыңғай мемлекеттік емтиханның (БМЕ) нәтижелері.

Дипломдар:
«Құрылыс бизнесіндегі іскерлік әкімшілеу бакалавры» бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін Сіз екі диплом аласыз:

  1. РФ-ның мемлекеттік үлгідегі бакалавр дипломы.
  2. Бизнес-әкімшілеу бакалавры дәрежесінің (Bachelor of Business Administration) берілгендігі туралы халықаралық үлгідегі диплом, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), ағылшын тілінде, шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
395 000 руб.
(600 000 руб.)*
600 000 руб.
169 500 руб.
(279 500 руб.)*
279 500 руб.

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project]

1 жылдық оқудың құны көрсетілген;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.