Жарнама бизнесі және интернет-маркетинг

Қазіргі таңдағы экономикада жарнама — сауданың қозғалтқышы ғана емес, сонымен қатар, клиенттерді тартудың және сақтап қалудың негізгі механизмі болып табылады. Жарнама және маркетинг саласын кәсібилендіру – зор кәсіпкерлік мүмкіншіліктерге қол жеткізуге жағдай жасайды, ал оларды табу және пайдалану үшін кәсіпкерлік, экономика, менедджмент, маркетинг, жарнама, тұтынушылардың тұрыс-жүрісі салаларындағы іргелі білім қажет.

Бұл профильдің студенттері келесі пәндерді оқиды:

  • тарих, философия, логика, құқықтану, социология, психология, шет тілі, іскерлік қатынасу, экономика;
  • математика, статистика, ақпараттық технологиялар, басқару жүйелерін зерттеу, операцияларды зерттеу, жүйелік талдау, басқарушылық шешімдерді қабылдау әдістері.

Оқу барысында келесілерге ерекше назар аударылады: менеджмент теориясы, жобаларды басқару, инновациялық менеджмент, есепке алу және талдау, қаржы менеджменті, адам ресурстарын басқару, бизнес-үдерістерді үлгілеу, инвестициялық талдау және т.б.

Профильдің арнайы пәндерінің құрамына келесілер кіреді:

  • маркетинг, стратегиялық менеджмент, бизнес-үдерістерді үлгілеу, логистика, іскерлік коммуникациялар, жарнама негіздері, сапаны басқару;
  • кәсіпкерлік негіздері, өндірісті ұйымдастыру және басқару, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау, салық және салық салу, бизнес-жоспарлау.

Таңдау бойынша оқылатын пәндердің арасынан келесілер оқылады: маркетингілік зерттеулер, интернет-маркетинг, маркетингілік коммуникациялар, брендті басқару, мультимедиа негіздері, тұтынушылардың жүріс-тұрысы, жарнама негіздері және т.б.

Оқудың нәтижесінде түлек келесі қабілеттерді иемденеді:

  • жарнама және интернет-маркетинг саласында жаңа нарықтық мүмкіндіктерді іздеуді жүзеге асырады;
  • жарнама және PR-кампанияларын, интернет-маркетинг жобаларын жоспарлайды және жүзеге асырады;
  • жарнама және маркетинг агенттігінің ағымдағы операцияларын жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылайды.

Жұмысқа орналасу:

Оқуды тәмамдағаннан кейін, осы профильдің түлектері шағын және орташа кәсіпорындарда маркетинг және жарнама бөлімдерінде, арнайы жобалар мен кампанияларда; жарнама және маркетинг агенттіктерінде келесі қызметтерде табысты жұмыс істейді:

  • жарнама, интернет-маркетинг, нарықты зерттеу жөніндегі маман;
  • бөлімдер мен жобалардың басшысы, директор және кәсіпкер.

Жобалы оқу жоспары

BBA: Жарнама бизнесі және интернет-маркетинг бағдарламасының жобалы оқу жоспарын қараңыз


Оқудың ұзақтығы:
2,5 жылдан 4,5 жылға дейін.

Абитуриенттерге қойылатын талаптар:
Жалпы (толық) орта білім туралы аттестат (11 сынып) немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (техникум немесе колледж). Қажет болған жағдайда, бірыңғай мемлекеттік емтиханның (БМЕ) нәтижелері.

Дипломдар:
«Жарнама бизнесіндегі және интернет-маркетингтегі іскерлік әкімшілеу бакалавры» бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдап, дипломдық жобаны қорғағаннан кейін Сіз екі диплом аласыз:

  1. РФ-ның мемлекеттік үлгідегі бакалавр дипломы.
  2. Бизнес-әкімшілеу бакалавры дәрежесінің (Bachelor of Business Administration) берілгендігі туралы халықаралық үлгідегі диплом, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымша (Diploma Supplement), ағылшын тілінде, шетелдік ұйымдарда ұсыну үшін қосымша аударудың немесе куәландырудың қажеті жоқ.

Оқудың түрлері және құны:

Демалыс күндік топта сырттай оқу ҚББТ-ның қолданылуымен сырттай оқу
395 000 руб.
(600 000 руб.)*
600 000 руб.
169 500 руб.
(279 500 руб.)*
279 500 руб.

*Бағалар [check_your_javascript_for_see_date_and_project]

1 жылдық оқудың құны көрсетілген;
Бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын, 36 айға дейінгі мерзімге білім беру несиесі ұсынылуы мүмкін.