Bachelor of Business Administration

ВВА (Bachelor of Business Administration) даярлау бағдарламалары бойынша оқыту — «Менеджмент» бағытындағы «Шағын бизнесті басқару» оқу профилінің шеңберінде жүзеге асырылады. ВВА бағдарламаларының мазмұнды ерекшелігі – менеджменттің жекелеген функцияларына қатысты мәселелерді (стратегиялық басқару, маркетингті басқару, қызметкерлерді басқару, өндірісті басқару, үдерістерді және жобаларды басқару, сатуларды басқару) және кәсіпкерлік қызмет салаларының мәселелерін (құрылыс бизнесі, мейрамхана бизнесі, жарнама бизнесі және интернет-маркетинг, сұлулық және фитнес индустриясындағы бизнес, мейманханалық-туристік бизнес) тереңірек оқып зерттеу болып табылады. Осындай атқарымдық және салалық тереңдігіне байланысты, ВВА бағдарламасы мазмұны бойынша дәстүрлі бакалавр бағдарламасы ғана емес, сонымен қатар, МВА (Master of Business Administration) бағдарламасына арналған алдын-ала саты болып табылады.

Оқуды тәмамдағаннан кейін түлектер таңдап алынған оқу профилі бойынша Менеджмент бакалавры дәрежесінің берілуімен жоғары білім туралы мемлекеттік дипломды, бизнес-әкімшілеу бакалавры (Bachelor of Business Administration) дәрежесінің берілуімен халықаралық дипломды, сондай-ақ, дипломға арналған жалпыевропалық қосымшаны (Diploma Supplement) алады.

Оқу түрін таңдаңыз:

ВВА (Bachelor of Business Administration) келесілерді ұсынады: