WTU UNESCO logo (Логотип всемирного технологического университета UNESCO)

 

Moscow technological institute-ның тарихы

ХХ ғасырдың 80-жылдарында UNESCO мүшелері жоғары технологиялар саласында жоғары білікті мамандарды дайындауда күш салуды интернационалдандыруға, қолжетімді әрі үздіксіз технологиялық біліммен қамтамасыз етуге, сондай-ақ жоғарғы оқу орындары арасындағы өзара әрекеттестікті нығайтуға бағытталған техникалық жоғарғы оқу орындарының халықаралық желісін құру туралы идеяны тұжырымдаған болатын. Мұндай желіні құрудың объективті қажеттілігі техникалық мамандардың өз білімдерін қоғам игілігіне пайдалануы мен мүмкін техногенді апаттардың салдары үшін жауапкершілігін айтарлықтай арттыра түскен ғылыми-техникалық үдерістің аса зор қарқынымен және оның нәтижелерінің ықпалын жаһандандырумен тудырылды. Оқу бағдарламаларын әзірлеу үшін, әлемнің үздік оқу орындарын қатыстырып, білім беру үдерісін арзандататын заманауи технологияларды қолдану туралы шешім қабылданды.

Сіз мұны білесіз бе?

UNESCO (Білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы) – БҰҰ мамандандырылған агенттігі, оның негізгі міндеті халықтар арасында жалпы құндылықтарға құрмет көрсетуге негізделген сұхбат орнатып, кедейлікті жою арқылы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту үшін, білім, ғылым және мәдениетті дамыту болып табылады.

UNESCO ұйымы 1945 жылы 16 қарашада UNESCO жарғысының қабылдануымен аяқталған БҰҰ Лондон конференциясының соңғы күні құрылды. Жарғы бір жылдан кейін бекітілген, ал 1946 жылғы 19 қарашада Сорбон Университетінде (Париж) тарихта алғаш рет UNESCO Бас Конференциясы ашылған, оған 30 елдің өкілдері қатысқан. Қазір ұйым құрамына 193 толық және 7 қауымдастырылған мүше-мемлекет кіреді. UNESCO штаб-пәтері Парижде орналасқан, ал оның 67 бюоосы мен бөлімшелері бүкіл әлемге таралған.

Қоса қараңыз: UNESCO ресми сайты мен Wikipedia-дағы бетті.

UN logo (Организация объединеных наций)

 

Moscow technological institute-ның тарихы ХХ ғасырдың 90-жылдарының бірінші жартысында Ресей Федерациясы Үкіметінің Біріккен Ұлттар Ұйымымен (БҰҰ) және оның арнайы бөлімшелерімен ресейлік білім беру жүйесін дамыту және жетілдіру саласында ынтымақтастығын нығайту жөнінде бірқатар бастаманы қолға алған сәтінен бастау алады.

Сіз мұны білесіз бе?

Біріккен Ұлттар Ұйымы – Екінші Дүниежүзілік соғысы аяқталғаннан кейін, 51 мемлекеттің өкілдерімен бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау, елдер арасында достық қарым-қатынасты дамыту, әлеуметтік ілгерілеуге септігін тигізіп, ғаламшарды мекендеген барлық халықтардың өмір сүру деңгейін жақсарту үшін құрылған бірегей халықаралық ұйым. БҰҰ өкілеттіктері оған мәселелердің кең төңірегінде тікелей қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді, ал ұйымның 192 қатысушы-мемлекетінің өкілдері Бас Ассамблеяның, Қауіпсіздік Кеңесінің, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңестің және БҰҰ-ның басқа да органдары мен комитеттерінің мәжілістеріне қатысу арқылы өз пікірін білдіріп, әлемдегі жағдайдың дамуына әсер ете алады.

БҰҰ-ның арнайы мекемелері қатарына Дүниежүзілік Банк, Халықаралық Валюталық Қор (ХВҚ), Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ), Өнеркәсіптік даму бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы (UNIDO), Білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы (UNESCO) сияқты беделді мекемелер мен басқа да танымал ұйымдар кіреді.

UNESCO logo

  1993 жылғы 25 маусым, Мәскеу. Ресей Федерациясының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымымен (UNESCO) өзара әрекеттесуі туралы Меморандумға қол қойылды Меморандум о взаимодействии РФ и UNESCO.

UNIDO logo

 

1993 жылғы 8 шілде, Женева. Өнеркәсіптік даму саласында Ресей Үкіметі – Министрлер Кеңесінің Өнеркәсіптік даму бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымымен (UNIDO) ынтымақтастығы туралы Меморандумға қол қойылды Меморандум о взаимодействии РФ и UNESCO.

Сіз мұны білесіз бе?

Өнеркәсіптік даму бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы, ЮНИДО (ағылш. UNIDO – United Nations Industrial Development Organization) – іс-әрекеті өнімділікті арттыру арқылы кедейлікпен күреске бағытталған Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған ұйымы болып табылады.

Ұйым білім, ақпарат және технологияларды жұмылдыру арқылы өндірушілік жұмыс бастылыққа, бәсекеге қабілетті экономиканы дамытуға және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

Қоса қараңыз: UNIDO ресми сайты мен Wikipedia-дағы бетті (ағылш.тілінде).

 

1995 жылғы 14 қараша, Париж. UNESCO, UNIDO және Ресей Федерациясының Жоғарғы білім бойынша Мемлекеттік Комитеті (РФ МемЖооКом) арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл құжатқа қол қоюдың маңызды мақсаттарының бірі «ХХІ ғасырдың ашық білім беру жүйесі» бірлескен жобасын іске асыру саласында үшжақты ынтымақтастыққа қол жеткізу болып саналды, аталған жобаға қатысу Б.Ельциннің нұсқауы бойынша РФ Үкіметімен әзірленген «Білім беру шексіз» ұлттық бағдарламасының міндеттерін шешуге мүмкіндік берді. Бірлескен халықаралық бағдарламаның жүзеге асырылуына негіз ретінде екі жоба қарастырылды - «Дүниежүзілік технологиялық университет» және «Жаңа ақпараттық ортада қашықтан білім беру» DESCOP.

 

1995 жылғы 25 қазан - 16 қараша, Париж. UNESCO Бас Конференциясының 28-ші сессиясында Ресей Федерациясы МемЖооКом-нің бірқатар халықаралық және ұлттық білім беру бағдарламаларын, соның ішінде «Дүниежүзілік технологиялық университет» бағдарламасын қолдау және қаржыландыру туралы Резолюцияның жобасы Меморандум о взаимодействии РФ и UNESCO қабылданды (28 C/DR.235).

 

  1996 жылғы 10 шілде, Мәскеу. UNESCO мен Дүниежүзілік технологиялық университет арасында өзара әрекеттесу туралы Меморандумға қол қойылады, онда ДТУ «автономды үлгілі ғылыми-білім беру орталығы ретінде» танылады.
6 января 1997 года, Москва. Ресей Федерациясы Үкіметінің №13-р өкімі шығарылып, оған Үкімет Төрағасы В.Черномырдиннің жеке қолы қойылады, аталған өкімде РФ Білім министрлігіне СІМ-мен бірлесе отырып, білім беру және жаңа ақпараттық технологиялар саласындағы саясатқа сәйкес, РФ-да Дүниежүзілік технологиялық университет пен UNESCO институтын құру бойынша шаралардың өткізілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ Ресей Мемлекеттік Мүлік Комитетімен бірлесе отырып, аталған мекемелерге Мәскеудегі Кедров көшесінде Білім министрлігі атына бекітілген ғимараттарды беру жүктелген.
1997 жылғы 2 қазан, Мәскеу. Дүниежүзілік технологиялық университет Мәскеу Үкіметі жанындағы Мәскеу тіркеу палатасынан Ресей Федерациясы аумағында заңды тіркелу туралы куәлігін алады.

Николай Малышев, президент МТИ "ВТУ"

 

1998 жыл, Мәскеу. Білім Министрлігінің №1925 бұйрығымен ДТУ Президенті болып Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі профессор Николай Малышев тағайындалады.

Н.Г. Малышев

Николай Григорьевич Малышев 1945 жылы Мәскеуде туылған. 1969 жылы Таганрог радиотехника институтын (ТРТИ) «Автоматика және телемеханика» мамандығы бойынша аяқтаған, кандидаттық диссертациясын мерзімінен бұрын қорғап, 31 жасында өз кафедрасына жетекшілік ете бастаған, 1982 жылы «Автоматтандырылған басқару жүйелері кафедрасын» ұйымдастырып, басқарған, ал 1986 жылы ТРТИ-ның ректоры болып тағайындалған. Сол кездері М.Н.Малышев «Системотехника» ғылыми-зерттеу зертханасына жетекшілік етіп, автоматтандырылған басқару жүйелері саласында белсенді зерттеу қызметін жүзеге асырған, 1979 жылы оған техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілген. 1991 жылы Ресей ғылым академиясының «Ақпараттық технологиялар» мамандығы бойынша корреспондент-мүшесі болып сайланған. М.Н.Малышев 129 ғылыми жұмыстың авторы, соның ішінде 1 монографияның, 3 кітап пен 8 өнертабыс туралы авторлық куәліктің иесі болып табылады.

1990-1992жж. Малышев РКФСР Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары және РКФСР ғылым және жоғарғы мектеп істері бойынша Төрағасы қызметін атқарған.

1992-1998жж. - РФ ғылым және жоғарғы мектеп істері бойынша Мемлекеттік кеңесші, РФ Президентінің ғылым және жоғарғы мектеп істері бойынша Кеңесшісі, РФ Президенті Әкімшілігінің Президенттік бағдарламалар орталығының басшысы, РФ Президенті жанында ғылыми-техникалық саясат жөнінде Кеңесінің хатшысы, РФ толық мемлекеттік кеңесшісі.

Үкіметтегі жұмысы бойынша өзінің әріптесі, МемЖооКом төрағасы және РФ білім министрі қызметтерін бірізді атқарған В.Г.Кинелевпен бірлесіп, Малышев өзінің арманы – Ресейде «халықаралық деңгейдегі заманауи жоғарғы оқу орнын» құру бағытында талмай жұмыс істеп, UNESCO және шетел оқу орындарымен қарым-қатынасын үзбей дамытып отырған. Басым бөлігінде Малышевтің арқасында «жаңа ақпараттық технологиялар» ресейлік білім беру ісінде тамырланған, аталған технологияларды алғаш қолдана бастаған оқу орындары арасында, бұрын Малышев сол үшін үкіметтегі жұмысын тастаған Дүниежүзілік технологиялық университет (ДТУ) болған. 1998 жылдан бастап Н.Г.Малышев РФ Білім министрлігі мен UNESCO Дүниежүзілік технологиялық университетінің ауыспайтын тұрақты президенті болып табылады.

Қоса қараңыз: үлкен биографиялық энциклопедия мен Wikipedia-дағы бетті.

Федерико Майор  

1999 жылғы 10 ақпан, Париж. UNESCO Бас директоры Федерико Майор мен Дүниежүзілік технологиялық университеттің Президенті Николай Малышев UNESCO мен ДТУ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды Меморандум о взаимодействии РФ и UNESCO, онда ДТУ-тің мақсаттары мен UNESCO мен ДТУ арасындағы ынтымақтастық бағыттары анықталған. Осы күннен бастап Дүниежүзілік технологиялық университеттің (бүгінде Moscow technological institute) білім беру және зерттеу қызметінің жаңалықтарға бай тарихы бастау алады.

1999 жылғы 13 мамыр, Мәскеу. ДТУ тұжырымдамасы мен серіктестік байланыстарын дамыту жөнінде Бірінші Халықаралық консультациялық кеңесі, оған UNESCO-ның Бас директоры Федерико Майор, Ресейдің Білім министрі В.Филиппов, 12 елдің 60 университеті мен ғылыми орталықтарының 97 өкілі, сондай-ақ ресейлік өнеркәсіпкерлер, ғалымдар мен жоғарғы оқу орындарының басшылары қатысқан. Кеңес шеңберінде ДТУ логотипі, оның білім туралы құжаттарының, ДТУ-мен берілетін ғылыми дәрежелер мен атақтардың нысаны мен мазмұны бекітілді. Кеңесудің нәтижелері бойынша ДТУ құрылымында инженерлік мамандар дайындаудың 18 бағыты, сондай-ақ экономика, информатика және шет тілдері бойынша 25 бөлім құрылды. Ресейдің 82 жоғарғы оқу орындарымен және бірқатар шетел университеттері және ғылыми орталықтарымен келісімдер жасалды.

Moscow Business School

 

1999 жылғы 11 қараша, Париж. UNESCO Бас Конференциясының 30-шы сессиясында Ресейдегі Дүниежүзілік технологиялық университетке жақындасу және көмек көрсету бойынша «2000-2001жж. арналған бағдарлама мен бюджет жобасына (30 С/5)» бірқатар түзетулер енгізген резолюция жобасы (30 С/DR, 94) әзірленуге қабылданды. Резолюция жобасы 1995 және 1999 жылдары аралығында UNESCO мен ДТУ арасындағы өзара қатынастардың қысқаша тарихын қамтиды.

2000 жыл, Мәскеу. 1999 жылы қабылданған UNESCO резолюциясының жобасына сәйкес, UNESCO өкілдерінің, «ДТУ» Құрылтайшылары Кеңесі мүшелерінің және «ДТУ» басшылығының қатысуымен халықаралық консультациялық кеңес өткізілді, оның нәтижесінде белгіленген жоспарларды дамытып, іске асыру саласында UNESCO тарапынан Дүниежүзілік технологиялық университетке қолдау көрсетілді.

2000 жыл, Мәскеу. Ресей Федерациясымен білгіленген тәртіпке сәйкес, Дүниежүзілік технологиялық университет аккредиттелген жоғарғы оқу орны мәртебесіне ие болды.

2003 жыл, Орынбор. Дүниежүзілік технологиялық университет өзінің бірінші филиалын ашты.

2006 жылғы 05 ақпан. Бөлінген типтегі корпоративтік ақпараттық-білім беру ортасын дамыту Тұжырымдамасына сәйкес, Дүниежүзілік технологиялық университеттің бірнеше бөлімшесі құрылады: Халықаралық жоғары технологиялар орталығы (Таганрог қ.), Moscow Business School бизнес-білім беру департаменті (Мәскеу қ.), Ресей мен ТМД түрлі қалаларында 5 өкілдік, Ресей мен ТМД түрлі қалаларында бірқатар өкілдіктер.

Сіз мұны білесіз бе?

Moscow Business School – ДТУ-нің (бүгінде Moscow technological institute) негізгі білім беру орталықтарының бірі, онда ресейлік және шетел нарықтарының көшбасшылары болып табылатын компаниялардың қызметкерлері білім алады. Moscow Business School – бұл аса тартымды адамдардан: басқарушылардан, менеджерлерден, жаттықтырушылар мен практиканттардан құралған жоғары білікті команда, оқу барысындағы олармен қарым қатынас тыңдармандарға тек жаңа білім мен идеялар беріп қана қоймай, оларды іс жүзінде орындауға талпыныс береді.

Moscow Business School филиалдары Ресейдің барлық ірі қалаларында, ТМД елдерінде, Ұлыбританияда, Швейцария мен АҚШ-та жұмыс істейді. Moscow Business School мамандары Ресей өңірлері мен әлемнің іскерлік астаналарында бизнес пен білім берудің барлық салаларында өзекті ақпарат пен жаңа үрдістерді бақылап отыру үшін, әлемде жеке өкілеттіктерінің желісін дамытып келеді.

Қоса қараңыз: Moscow Business School ресми сайты мен Wikipedia-дағы бетті.

 

2007 жылғы 04 шілде, Мәскеу. UNESCO Бюросының кездесуі өтті, онда Ресейдегі Дүниежүзілік технологиялық университетті дамыту мәселелері талқыланды. Жақын болашақта UNESCO мен ДТУ-нің мүдделерін білдіретін жүйелі жобалар белгіленді.

2007 жылғы 11 шілде, Мәскеу. Құрылтайшылар Кеңесінің 199 жылғы 13 мамырдағы №4 хаттамасына сәйкес, ДТУ логотипі, оның білім туралы құжаттарының, ДТУ-мен берілетін ғылыми дәрежелер мен атақтардың нысаны мен мазмұны бекітіліп, ДТУ жалауының екінші редакциясы дайындалды.

2007 жылғы 07 қыркүйек, Мәскеу. Білім жөнінде Федералдық агенттік Дүниежүзілік технологиялық университетті «Оқу орындары деңгейінде электрондық оқытуды ендіру механизмін әзірлеу (Стандарттар, технологиялар, педагогика, оқу үдерісін ұйымдастыру, халықаралық стандарттар негізінде сапаны басқару)» (№ Ф-370) жобасы бойынша «2006-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Федералдық мақсатты бағдарламасы конкурсының» жеңімпазы ретінде таңдап, сәйкес мемлекеттік келісімшарт жасасты.

   

2007 жылғы 22 қараша, Мәскеу. Ресей Ғылым Академиясында Дүниежүзілік технологиялық университеттің 10-жылдығын салтанатты атап өту рәсімі өткізілді, онда Мәскеудегі UNESCO Бюросының директоры Дендев Бандарч, РҒА вице-президенті, ДТУ қамқорлық кеңесінің төрағасы Николай Лаверов, ДТУ президенті Николай Малышев, ДТУ ректоры Василий Солдаткин және т.б. сөз сөйледі. Шараға сонымен қатар РФ Мемлекеттік Думасының білім және ғылым жөнінде комитетінің басшылары, білім және ғылым саласында қадағалау жөнінде Федералдық қызметтің, Білім жөнінде Федералдық агенттіктің, білім мен мансап сапасы мен дамуын қоғамдық бақылау агенттігінің өкілдері, ресейлік жоғарғы оқу орындарының ректорлары, РҒА мен РБА академиктері де қатысты.

 

2010 жылғы 02 ақпан, Мәскеу. Мәскеу Үкіметінің Мәскеу қаласы мемлекеттік символикасын пайдалану құқығын беру жөнінде Ведомствоаралық комиссиясының шешімімен (20.01.2010ж. №1 хаттама) ДТУ заңды тұлға атауында, мөрінде және мөртабандары мен жарнамалық хабарландыруларында «Мәскеу» сөздік символы мен оның негізіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалануға рұқсат алды Решение Межведомственной Комиссии Правительства Москвы.

Московский технологический институт "ВТУ" логотип  

2010 жылғы 31 мамыр, Мәскеу. Дүниежүзілік технологиялық университет (ДТУ) атауы Moscow technological institute (МТІ) болып өзгертілді.

2010 жылғы 19 шілде, Мәскеу. Moscow technological institute білім беру қызметімен айналысу құқығын беретін жаңа лицензия алып, Ресей Федерациясы аумағында бакалавриат, магистратура, МВА және МРА бағдарламаларының барлық бағыттары бойынша мемлекеттік үлгіде білім алу туралы құжат беру құқығына аккретиттелген.

2010 жылғы 1 қыркүйек, Мәскеу. Кезекті жаңа оқу жылының басы бизнес-білім берудің жаңа бағдарламаларының тұтас топтамасының іске қосылуымен аталып өтті – іскерлік әкімшілік бакалавры (Bachelor of Business Administration, BBA).

2010 жылғы 15 желтоқсан, Мәскеу. МТІ РИЭР Жүйесінде сертификаттаудан табысты өтіп, энергоаудиторлар мен энергосарапшыларды оқыту бойынша өкілеттендірілген оқу-әдістемелік орталықтың мәртебесіне ие болды.

2011 жылғы 20 ақпан, Мәскеу. Moscow technological institute жаңа мамандықты қысқа мерзім ішінде (6-8 ай) және еңбек қызметінен үзілместен меңгеруге мүмкіндік беретін қашықтан оқыту пішімінде кәсіби қайта даярлау бағдарламаларының топтамасын іске қосады.

2011 жылғы 21-23 ақпан, Прага, Берлин. Moscow technological institute Германия (Берлин қаласы) мен Чехия Республикасында (Прага қаласы) филиалдарын ашты.

2011 жылғы 21 ақпан, Мәскеу. Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласында қадағалау жөнінде Федералдық қызметтің 21.02.2011ж. №383 «Білім беру мекемелерін (ұйымдарын) мемлекеттік аккредиттеу және ғылыми ұйымдастыру туралы» бұйрығымен «ДТУ» МТІ ЖКБ ҒБМ барлық МВА бағдарламалары мен кәсіби қайта даярлау бағдарламалары бойынша мемлекеттік үлгіде диплом беру құқығымен мемлекеттік аккретитациядан өткен білім беру мекемесі болып танылған .