Moscow Technological Institute

Қазіргі таңдағы Ресейдің кадрлар нарығындағы қызметтердің ең танымал болып есептеледі-ау деген салаларының өзінде білікті кәсіпқойлардың қатты жетіспеушілігі байқалып жатқандығы құпия емес. Бұл мәселе кадр қызметінің жұмыскерлері мен мамандарының қатысуымен, үкіметтің мәжілістері мен ғылыми-білімдік конференциялардан бастап бизнес-форумдарға дейін барлық орталарда және барлық деңгейлерде талқылануда. Қаншалықты айқын болса да, іске асыру үшін соншалықты күрделі болып табылатын бұл мәселенің шешімі – кез-келген адам үшін қол жетімді болатын және оның бүкіл кәсіби қызметінің барысында үздіксіздікті қамтамасыз ететін жоғары сападағы білім беру жүйесін құру болып табылады.

Білім берудің жоғары сапасы, заманауи білім беру технологияларын пайдалану, әлемнің кез-келген нүктесінен оқудың қол жетімділігі Мәскеу технологиялық институтын бірқатар басқа жоғары оқу орындарынан әрдайым ерекшелеп отырған. Бұл – жаңа буынның жоғары оқу орны, ол әлемдегі жоғары білім беру саласында жинақтаған барлық үздік қасиеттерін өз бойына сіңірген деп айтқан жөн болар еді.

MTI-дің тарихы Ресей Федерациясы үкіметінің Біріккен Ұлттар Ұйымымен (БҰҰ) және оның арнайы бөлімшелерімен (UNESCO және UNIDO) ресейлік білім беру жүйесін дамыту және жаңғырту саласындағы ынтымақтастықты нығайту бастамасынан басталды. Осы ынтымақтастықтың шеңберінде Ресейде «XXI ғасырдың ашық білім беру жүйесі» жаһандық бағдарламасын жетілдіру жүргізіледі, бұл бағдарлама бір-бірімен өзара байланысты келесі екі жобаны қамтиды — «Жаңа ақпараттық ортада қашықтан білім беру» (Descop) және «Дүниежүзілік технологиялық университет» (қазіргі «ВТУ» MTI Жоғары Кәсіби Білімдік Мемлекеттік Емес Білім Беру Мекемесі).

Мәскеу технологиялық институты өзінің қашықтан білім беру әдістемелерін жетілдіріп, оларды білім беру үдерісіне енгізу арқылы үздіксіз білім берудің қол жетімділігінің мәселелерін де шеше білді. Бұл ретте MTI филиалдар мен өкілдіктердіңауқымды халықаралық желісін құрған. Жоғары оқу орнында оқытушылар мен тьюторлар жұмыс істейді, олар адамның тұрғылықты жеріне, жасына, денсаулығының жағдайына, әлеуметтік жағдайына және білім деңгейіне қарамастан, тілек білдірушілердің барлығына сапалы білім алуына қолдау көрсетіп отырады.

Қазіргі таңда MTI білім беру саласындағы заманауи технологияларды пайдалануда көпжілдіқ тәжірибесі бар Мәскеудің аса ірі жоғары оқу орындарының бірі болып табылады және ресей экономикасын дамыту үшін еліміздің барлық аймақтарында жұмыс істеп жатқан жоғары деңгейдегі кәсіпқойлардыңың бірнеше буынын оқытып шығарғанын мақтан ете алады. Ресейдегі жаңа буындық білім беру жүйесін әрі қарай дамыту үшін бірлесе отырып жұмыс істеу мақсатында бірқатар беделді оқу орындарын біріктіріп отырған «Современное образование» холдингінде MTI іс жүзінде алдыңғы қатардағы орындардың бірін иемденеді.

Егер Сіз қазіргі таңдағы экономиканың ең келешекті салаларындағы кадрлар нарығында сұранысқа ие болатын нағыз кәсіпқой болғыңыз келсе, СТИ-дің білім беру бағдарламаларының арасынан Сіз міндетті түрде өзіңіздің ағымдағы білім деңгейіңізге және жеке жағдайларыңызға (жасыңыз, әлеуметтік жағдайыңыз, тұрғылықты жеріңіз, денсаулығыңыздың жағдайы, қол босамау деңгейі) сәйкес келетін бағдарламаны табасыз