Абитуриенттерге


MTI бакалавриаты жоғары білім беру бағдарламаларында оқуға арналған бағыттар мен профильдердің үлкен таңдауын ұсынады. Сіз, сонымен қатар, біздің оқу бағдарламамыздың кез-келгені бойынша, басқа жоғары оқу орнында басталған біліміңізді аяқтай аласыз.


Bachelor of Business Administration (BBA) бүкіл әлемде танымал және Ресейдің іскерлік қоғамдастығында лайықты бағасын алған. ВВА бағдарламасында оқу – түбегейлі жоғары білім алуға мүмкіндік бере отырып, сонымен қатар әрбір менеджер, басқарушы немесе жеке бизнестің иесі үшін қажетті бүкіл білім мен машықтарды игеруге көмектеседі.


MTI кез-келген бакалавриат немесе магистратура бағдарламасы бойынша екінші жоғары білім алу мүмкіндігін ұсынады. Бакалавриатқа түскен жағдайда, бұрынғы білімді алу барысында оқылған пәндерді қайта сынау және қайта аттестациялау жолымен қысқартылған бағдарлама бойынша оқу мүмкіндігі қарастырылған.


Егер Сіздің жоғары біліміңіз бар болса, MTI магистратурасына түсе отырып Сіз өз оқуыңызды жалғастыра аласыз немесе түбегейлі жаңа мамандықты игере аласыз. Магистр дәрежесінің болуы – қызметтік мансапты құру барысында артықшылыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді.


MTI-дің қызметі орта кәсіптік білім бағдарламалары бойынша мамандарды даярлауды да қамтиды. Оқу барысында студенттер ең сұранысқа ие бағыттар бойынша тәжірибелік-бағдарлық машықтарды игереді.


MBA дәрежесі — бизнесті басқару саласындағы ең танымал біліктілік болып табылады, ол иемденушісінің негізгі басқарушылық құзыреттерінің бар екендігін растайды. MBA біліктілігі – ұйымды басқарудың кез-келген деңгейінде басқарушының жұмысын атқару қабілетін білдіреді.


Егер Сіз өз қызметіңіздің түрін ауыстырғыңыз келсе, кәсіптік қайта даярлау бағдарламасында оқу мүмкіндігін қарастыруға кеңес береміз. Кәсіптік қайта даярлау бағдарламалары жұмыс үдерісіне және жеке істерге залал келтірместен, Сізге қысқа мерзімдерде жаңа мамандықтың иесі болуыңызға мүмкіндік береді.


MTI құрылымында бизнес-білім беру орталығы — Moscow Business School ерекше орынды иемденеді, онда табысты ресейлік және шетелдік компаниялардың басшылары мен қызметкерлері, кәсіпкерлер, сондай-ақ, өз ісін ашуды жоспарлаған тұлғалар немесе орта және жоғары буын менеджері дәрежесіндегі басқарушылық мансабын дамытуды жоспарлаған тұлғалар оқиды.